17.04.2009, 17:05 3251

Ішкі істер министрлігінде ағымдағы жылғы 1-тоқсандағы жұмыс қорытындысын талқылау және алдағы басым бағыттарды белгілеуге арналған алқа мәжілісі өтті

Ішкі істер министрлігінде ағымдағы жылғы 1-тоқсандағы жұмыс қорытындысын талқылау және алдағы басым бағыттарды белгілеуге арналған алқа мәжілісі өтті

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласында бүгін Қазақстан Ресупбликасы Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовтың төрағалық етуімен ІІМ алқасының кеңейтілген отырысы өтті, онда ағымдағы жылғы 1-тоқсандағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы талқыланды және "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" Қазақстан Республикасы мемлекет басшысының жолдауын іске асыру жөніндегі ішкі істер органдарының міндеттері айқындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серік Баймағанбетов хабарлағандай 2009 жылдың бірінші тоқсанында министрлік Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмаларына сәйкес азаматтардың бостандықтары мен конституциялық құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды күшейту, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін жүзеге асырды.

Жалпы еліміздегі жедел жағдай тұрақты болып қалуда. Ішкі істер органдары тіркеген қылмыстардың саны 12,1 % -ға қысқарған. Кісі өлтіру, зорлық-зомбылықтар, қарақшылық шабуылдар, тонаулар, ұрлықтар және басқа да қылмыстар саны азайған.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес мақсатты жүргізілді: қылмыстық жауапкершілікке 13 қылмыстық беделді, қылмыстық топтың 18 жетекшісі және 87 сыбайласы тартылды. 2718 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткіні сатудың 585 фактісі анықталды, 1,7 тонна есірткі, оның ішінде 26 кг аса героин тәркіленді.

Көшелерде және басқа да қоғамдық жерлерде тәртіп нығайтылуда. Көше қылмысы 7,2%-ға қысқарды. Қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықты алдын алуға жұртшылық кеңінен тартылуда. Қазіргі уақытта 33 мың азаматты біріктіретін құқық қорғау бағытындағы 4 мыңнан аса қоғамдық құрылым жұмыс жасауда.

Мектептегі инспекторлардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністердің жұмысы жандандырылды. Жасөспірім қылмысы 9,5%-ға қысқартылды.

Жолдардағы тәртіп жоғарлады, апаттылықтың деңгейі төмендеді, жолдардағы апаттардан қаза болғандардың саны үш есе қысқартылды.

Сонымен қатар экономикалық жағдайдың қиын кезеңінде жекелеген қылмыс түрлерінің, әсіресе қасақана зорлық-зомбылық бағытындағы қылмыстардың өсуі әбден мүмкін. Осыған байланысты ІІМ криминогендік жағдайы күрделенетін өңірлердегі жағдайға және жұмыс нәтижелеріне ерекше бақылауды белгілейді.

С.Баймағанбетов ІІД-нің басшыларынан қылмысқа қарсы күрестің жай-күйіне бірлескен мониторинг жүргізуді, криминогендік жағдайдың келеңсіз өзгеруіне уақытылы және жедел ден қоюды, аумақтық және көліктік полиция бөліністерінің басшыларынан дербес жауапкершілікті белгілей отырып, мақсатты-профилактикалық жұмысты ұйымдастыруды талап етті.

Сонымен қатар алқада Шығыс Қазақстан облысы ІІД-нің қызметіне кешенді инспекторлық тексеріс нәтижелері қаралды, оның нәтижелері бойынша министрліктің нұсқаулары мен бұйрықтары талаптарының өрескел кемшіліктері мен бұзушылықтарын ескере отырып, облыстық ІІД бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, Семей және Өсмекен қалалары ІІБ-нің бастықтары, облыстық департаменттерінің бірқатар басшылары атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.

Ішкі істер министрі мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес ағымдағы кезеңге ішкі істер органдарының басым бағыттарын белгіледі. Олар: қоғамдық тәртіпті сақтау әдістері мен нысандарын жетілдіру, көшедегі және жастар қылмысына қарсы күресті күшейту, ұйымдасқан қылмысқа қатаң қарсы іс-қимыл жасау, нашақорлық бизнесіне және нашақорлыққа, өз қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жандандыру, кадр әлеуетін нығайту, полиция имиджін көтеру және халықтың сенімін арттыру.

Министрліктің алқасы барлық органдар мен бөліністер басшыларынан мемлекет басшысының құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті нығайту мәселелері жөніндегі тапсырмаларын бұлжытпай орындауды талап етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны