22.10.2008, 18:57 2939

Ішкі істер министрлігінде ЕҚЫҰ-ның стратегиялық полиция мәселелері жөніндегі сарапшыларымен кездесу өткізілді

Ішкі істер министрлігінде ЕҚЫҰ-ның стратегиялық полиция мәселелері жөніндегі сарапшыларымен кездесу өткізілді

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ІІМ Икімшілік полиция комитетінің төрағасы полиция генерал-майоры Молдияр Оразалиев Астана қаласында кварталдық полиция құру бойынша пилоттық жобаны іске асыру мүмкіндігін зерделеу үшін министрліктің бірқатар қызметтері басшылығының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның стратегиялық полиция мәселелері жөніндегі сарапшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ Икімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен шет елдердің ішкі істер органдарының полиция қызметін халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастыру, кәсіби деңгейді арттыру, халықпен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлерді оқыту жөніндегі мәселелері талқыланды.

ЕҚЫҰ өкілдері Қазақстан ішкі істер органдарының құрылымымен және олардың жұмыс қағидаттарымен, атап айтқанда халықпен тығыз байланыстағы учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлкерінің қызметімен танысты.

Одан әрі ынтымақтастықтың келешектерін айқындау, полицияның жұмысын жетілдіруге бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу және оларды іске асыру үшін ЕҚЫҰ сарапшылары ІІМ-нің Қарағанды заң институтына баруды, сондай-ақ полиция бөлімшелеріне барып, учаскелік полиция инспекторларымен бірлескен жұмыс өткізе отырып, Астана қаласы ІІД-нің басшылығымен кездесуді жоспарлады.

Тараптар қылмыс пен құқық бұзушылықтарды ескертуде халықтың полицияға деген әлеуметтік сенімін нығайту және кеңейту маңызды рөл атқаратынына, ал құқық бұзушылықтардың алдын алу полицияның әріптесі болатын қоғамды барынша қамтыған жағдайда тиімді болатынына келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша М.Оразалиев ЕҚЫҰ орталығының өкілдеріне алғысын білдіріп, Қазақстанда кварталдық полиция құру идеясын қолдады. Комитет төрағасы бұл жалпы еліміздегі криминогендік ахуалды жақсартуға әсер етіп, құқықтық мемлекеттің негізі болып табылатын құқық қорғау қызметінің қазіргі заманғы стандарттарына жеделдетіп жетуге ықпал ететінін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны