29.01.2008, 17:45 3070

Ішкі істер министрлігінде ІІМ жол полициясының өткен жылғы іс-қызметінің қорытындысы шығарылды

Ішкі істер министрлігінде ІІМ жол полициясының өткен жылғы іс-қызметінің қорытындысы шығарылды

Астана. 29-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ішкі істер министрлігінің вице-министр Алик Шпекбаевтің төрағалығымен өткен жедел отырысында ІІМ жол полициясының өткен жылғы іс-қызметінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылдан бері көлік жүргізушілерін дайындау лицензия берілетін қызмет түрінің тізіміне енгізілген, жолдарды салу және жөндеудің техникалық құжаттарын жол полициясымен келісу ережесі бекітілген. Салынған айыппұлды төлемегені үшін, құқығы жоқ тұлғалардың көліктерді басқаруына алғаш рет әкімшілік қамауға алу шаралары қабылданып, көшпелі сот отырыстарының жұмыстары ұйымдастырылған.

Мас жүргізушілердің жол ережесін өрескел бұзғаны үшін жауапкершілікті көлік басқару құқықтарынан өмір бойы айыруға дейін күшейтуді қарастыратын заң жобасы әзірленіп, парламент мәжілісіне жіберілген. Жергілікті жерлерде аймақтық жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысының, үкіметтің жол полициясы қызметінің алдына қойған міндеттерін жүзеге асыру, сонымен қатар мекемеаралық және аймақтық сипаттағы басқа да бірқатар мәселелерді шешу еліміздің көлік паркінің қарқынды өсуіне (+22,5 пайыз) қарамастан, жолдардағы апаттылық ахуалын тұрақтандыруға мүмкіндік беріп отыр. Қазақстанда өткен жылы 15 942 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 4365 адам мерт болса, 18 951 адам жарақаттанған. Жол апаттарының саны 0,6 пайызға, жарақаттанғандардың саны - 2,3 пайызға төмендесе, жол апатынан қайтыс болғандардың саны 2,2 пайызға өскен (2006 жылы қайтыс болғандардың саны 26,6 пайызға өскен).

Сонымен қатар Алик Шпекбаев Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының Ішкі істер департаменттерінің жол полициясы бөлімшелерінің іс-қызметін қатаң сыңға алып, басшыларына жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кемшіліктер мен олқылықтарды атап көрсетті.

Отырыс қорытындысы бойынша жол полициясының басшыларына жол қауіпсіздігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін көтеру, жол полициясының іс-қызметіне инновациялық озық технологияларды одан әрі енгізу, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу, ақпараттық қызметті кеңейту жөнінде нақты міндеттер қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны