28.07.2008, 16:21 3024

Ішкі істер органдары шілденің 21 мен 27 аралығында ұйымдасқан қылмыс түрлері бойынша 17 іс қозғады

Ішкі істер органдары шілденің 21 мен 27 аралығында ұйымдасқан қылмыс түрлері бойынша 17 іс қозғады

Астана. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Республиканың Ішкі істер органдары шілденің 21 мен 27 аралығында Ұйымдасқан қылмыс түрлерінің жолын кесу мақсатында жүргізілген жедел-алдын алу және арнайы іс-шаралар барысында 17 қылмыстық іс қозғаған. Олар бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың іздеудегі 1 жетекшщісі, 1 қатысушысы мен 4 қылмыскер ұсталған, деп хабарлайды агенттік тілшісі агенттік Қазақстан Республикасы ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың 21 шілдесінде ІІМ-нің КПК және ҚР ҰҚК, "Арлан" арнайы мақсаттағы патрулінің қызметкерлері бірлесе 2007 жылдың қыркүйек айынан іздеуге жарияланған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін анықтап, одан 11 оғымен "Макаров" тапаншасын тәркілеген.

2008 жылдың 22 шілдесінде ҚР ІІМ КПК Оңтүстік АҰҚҚКБ қызметкелрері, Алматы облысы ІІД "Арлан" арнайы мақсаттағы жасағының қызметкерлерімен бірлесе автокөлікті тоқтатқан, көліктің салонында, "заңдағы ұры" деген қылмыстық статусқа кандидат үш Грузия азаматы болған. Көлікті тексеру кезінде 1,40 грамм героин анықталған.

2008 жылдың 21 шілдесінде Ақтөбе облысының ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері бірқатар қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуге жарияланған 1985 жылғы азаматты қамауға алған. Ол Ақтөбе қаласында қарақшылық шабуыл жасайтын ұйымдасқан 4 адамнан құрылған топ құрып, оны басқарған.

2008 жылдың 24 шілдесінде Қарағанды облысының ІІД қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы жасағының қызметкерлерімен бірлесе "Қазақмыс" корпорациясының фабрикасынан 125 тонна 700 кг мырыш концентратын ұрлағаны үшін іздеуге жарияланған 1983 жылғы қылмыскерді қамауға алды.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалған, барлық ұсталған азаматтар қамауға алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны