12.06.2009, 13:51 1431

Ішкі капитал нарығының дамуына назар аудару қажет - Қазақстан президенті

Ішкі капитал нарығының дамуына назар аудару қажет - Қазақстан президенті

Қостанай. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ішкі капитал нарығының, әсіресе ұлттық валютадағы капитал нарығының дамуына назар аудару қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазақстанның дағдарыстан кейінгі даму бағдарламалары үшін қаржы ресурстарын жұмылдыру жайлы сөз қозғаған кезде біздің ішкі ауқымды мүмкіндіктеріміз туралы да айта кеткен жөн. Ішкі капитал нарығының, әсіресе ұлттық валютадағы капитал нарығының дамуына назар аудару қажет", - деді Н. Назарбаев.

Президенттің пікірінше, "бұл міндеттің орындалуына қол жеткізу үшін халық пен кәсіпорындардың жинақтарының өсімін ынталандыруға, қаржылық жүйе институттарына деген салымшардың сенімін толық қалпына келтіруге шаралар қолдану қажет".

"Түрлі бағалар бойынша, экономикаға тартылмаған ішкі қаржылық ресурстардың көлемі Жалпы ішкі өнімнің 12%-ын құрайды. Осы әлеуетті ұжымдық және жеке инвестициялау тетіктерін қолдана отырып толық тарту қажет", - деді президент.

"Осы аталған шаралар сыртқы нарық конъюнктурасына тәуелділіктен құтқарып, нақты сектордағы кәсіпорындар үшін мейлінше қол жетімді қор жасауға жол ашады", - деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны