29.06.2007, 17:47 3125

Испания Королі екі күндік сапармен елімізге келді

АСТАНА. 29 -маусым. Kazakhstan Today. Испания Королі І Хуан Карлос бүгін екі күндік сапармен елімізге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Испания билеушісі елімізге жұбайы София ханшамен бірге келді. Астана әуежайында меймандарды ҚР СІМ Марат Тәжин, қаржы министрі Наталья Коржова секілді ресми адамдар күтіп алды.

Жуырда журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың құлағдар еткеніндей, "сапар барысында ел басшылығымен кездесулер межеленген. Олардың барысында екі жақты экономикалық және саяси ықпалдастықтың жай-күйі талқыланады".

Бүгін кешке корольді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды.

Ал сенбі күні Хуан Карлос Астананың көрікті жерлерімен танысып, Президенттің мәдени орталығында, Бейбітшілік және келісім сарайында болады. Сонымен бірге Испания королі Қазақстан Елордасын дамыту жобасымен танысып, "Астана-Бәйтерек" монументін көреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны