16.04.2014, 19:46 1762

Испанияда "Қазақстан: инвестициялық мүмкіндіктер" экономикалық форумы өтті

Шарада сөз алған Испаниядағы Қазақстанның Елшісі Бақыт Дүйсенбаев 2009 жылғы Келісіммен бекітілген Қазақстан мен Испания арасындағы қатынастың стратегиялық сипатына тоқтала келіп, экономикалық саладағы ынтымақтастықты дамыту екіжақты қатынастың басымдылық беретін тұсы екенін айтты.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. Испанияның Бильбао қаласында ел Үкіметінің қолдауымен ҚР Елшілігі және RBT компаниясы "Қазақстан: инвсестициялық мүмкіндіктер" экономикалық форумын өткізді. Оған Испанияның 160-тан астам алдыңғы қатарлы компаниялары қатысты.

Қазақстандық тараптан форумға "Самұрық-Қазына" АҚ, "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС, "Казнекс Инвест" АҚ пен "Азия Авто" АҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Шарада сөз алған Испаниядағы Қазақстанның Елшісі Бақыт Дүйсенбаев 2009 жылғы Келісіммен бекітілген Қазақстан мен Испания арасындағы қатынастың стратегиялық сипатына тоқтала келіп, экономикалық саладағы ынтымақтастықты дамыту екіжақты қатынастың басымдылық беретін тұсы екенін айтты. Қазақстандық дипломат испан компаниялары мен инвесторларын еліміздің үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы жобаларына атсалысуға шақырды.

Бильбаоға сапары барысында Басктер елі Үкіметінің басшысы Иньиго Уркульюмен кездесу өтті. Кездесуде екіжақты өңіраралық әріптестікті құру, "жасыл экономиканы" дамыту мен басым салалардағы жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстандағы жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылау үшін автокөлік құрастыру, металлургия, құрылыс, инжиниринг, өңдеуші өнеркәсіп, машинақұрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жаңартылмалы қуат көздері мен инновация саласындағы алдыңғы қатарлы испан компаниялары жетекшілерімен кездесу өткізілді. Солардың арасында Tecnicas Reunidas, Wisco, Velatia, Antolin, Gestamp, Acerinox, Acciona, Tecnalia секілді компаниялар бар.

Басктер елі - Испанияның солтүстігіндегі автономды қауымдастық. Елдің өндіріс саласы бойынша жетекші өңірлердің бірі. Өңір хақының тұрмыстық деңгейі өзге аймақтарға қарағана анағұрым жоғары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны