27.01.2014, 19:24 6260

Испанияда өткен көрмеде Қазақстанға деген қызығушылық артты

Испанияның Мадрид қаласында осы жылы өткен FITUR - International Tourism Fair in Spain көрмесіндегі Қазастанның стендіне қатысушылар ерекше қызығушылық танытты, деп ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan today. Испанияның Мадрид қаласында осы жылы өткен FITUR - International Tourism Fair in Spain көрмесіндегі Қазастанның стендіне қатысушылар ерекше қызығушылық танытты, деп ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Көрмеге Дүниежүзілік туристік ұйымның (БҰДТҰ) бас хатшысы Талеб Рифаидің қатысуы елеулі оқиға болды. Кездесу барысында ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев Қазақстандағы туризм саласын дамыту бойынша концепциясымен таныстырды. Дүниежүзілік туристік ұйымның башысы аталмыш құжатқа оң бағасын беріп, Талеб Рифаи 2014 жылы мамыр айында Астанада өтетін экономикалық форумға міндетті түрде қатысатынын тілге тиек етті", - делінген хабарламада.

Қазақстандық делегация FITUR көрмесі аясында Испания Корольдігінің индустрия, энергетика және туризм министрі Хосе Мануэл Сориямен кездесті. Испания министрі Қазақстанға барып қайтуға және екі жақты әріптестік мәселесін талқылауға дайын екенін хабарлады.

ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев: "Көрме барысында бізге әр сала бойынша түрлі сұрақтар келіп түсті. Қатысушылардың 50%-дан астамы дәстүрлі туризмге көбірек көңіл бөлді.

Дәлірек айтсақ, тарихи, мәдени орындар мен назар аударарлық орталықтарға (Астана, Алматы, Түркістан, Бурабай, Маңғыстау және басқалар). Бұдан басқа ЭКСПО-2017 көрмесі қатысушылардың ерекше назарында болды".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны