24.02.2015, 17:59 4104

Италияндық кәсіпкерлер қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастықты өрбітуге мүдделі

Өткен аптада Қазақстан Республикасыныӊ Италиядағы Елшісі Андриан Елемесов Пиза және Санта-Кроче-суль-Арно қалаларына жұмыс сапарымен барып, онда Италияныӊ ірі аймақтарыныӊ бірі -Тоскананыӊ қоғамдық-саяси және іскер ортасымен кездесулер өткізді

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Өткен аптада Қазақстан Республикасыныӊ Италиядағы Елшісі Андриан Елемесов Пиза және Санта-Кроче-суль-Арно қалаларына жұмыс сапарымен барып, онда Италияныӊ ірі аймақтарыныӊ бірі -Тоскананыӊ қоғамдық-саяси және іскер ортасымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстандық дипломат Санта-Кроче-суль-Арно қаланыӊ мэрі Джулия Дейддамен және Пиза қаланыӊ префекті Атиллио Висконтимен келіссөз жүргізді. А.Елемесов әӊгімелесушілерін Қазақстанныӊ әлеуметтік-экономикалық табыстары және еліміздіӊ халықаралық аренадағы жетістіктері, соныӊ ішінде Қазақстанныӊ дінаралық және мәдениетаралық диалогты дамыту тәжірибесі, соӊдай ақ маусымда Астанада өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ V Съезді туралы хабардар етті. Кездесу барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтыӊ "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауына, "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу жөніндегі қазақстандық бастамаларына, және "ЭКСПО-2015" Милан қаласында өтетін Қазақстанныӊ қатысуына ерекше назар аударылды, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі

Қазақстанныӊ дипломатиялық өкілдігініӊ басшысы Тоскананыӊ тұтқалы экономикалық секторлары болып табылатын жетекші кәсіпорындар басшыларымен кездесу өткізді. А. Елемесов аймақтыӊ іскер топтарын ағымдағы жағдаймен және қазақстандық экономиканыӊ даму келешегімен, ұлттық инновациялық әлеуетімен, Қазақстанда шетелдік бизнес пен инвестициялар үшін жасалып жатқан преференциялармен таныстырып өтті. Қазақстанда бизнес жасау тәсілдері, экономикалық преференциялар мен стимулдар пакеті және қазақстандық нарықтыӊ Еуразиялық экономикалық одақтыӊ құрылуы жағдайындағы артықшылықтары туралы ақпаратқа италияндық бизнес өкілдері қызығушылық танытты.

Қазақстан Су тазарту станцияларын шығаратын, сондай-ақ былғары өндіріспен айналатын Санта-Кроче-суль-Арно қаласында орналасқан компаниялардыӊ озық тәжірибесімен алмасу бойынша ынтымақтастыққа мүдделі.

Кездесу қорытындысы бойынша итальян кәсіпкерлері қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты жолға қою және бірлескен кәсіпорындар ашу үшін Қазақстан аймағына баруға қызығушылық білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны