23.05.2011, 18:44 3330

IV Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына келетін делегаттардың 60 пайыздан астамы жастар

"Құрылтайға 35 таяу және алыс шет елден 380 делегат, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларынан, еліміздің өңірлерінен 300-ден астам өкілдер шақырылды. Биылғы жылғы құрылтайдың бір ерекшелігі, делегаттардың 60 пайыздан астамын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды", - деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің қабылдауында болған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев.

Астана. 23 - мамыр. Kazakhstan Today - IV Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына келетін делегаттардың 60 пайыздан астамы жастар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Құрылтайға 35 таяу және алыс шет елден 380 делегат, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларынан, еліміздің өңірлерінен 300-ден астам өкілдер шақырылды. Биылғы жылғы құрылтайдың бір ерекшелігі, делегаттардың 60 пайыздан астамын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды", - деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің қабылдауында болған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу кезінде Т.Мамашев Президентке Қазақстанның елордасы Астанада өтетін Дүниежүзі қазақтарының төртінші құрылтайына дайындық барысы туралы баяндаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны