22.06.2009, 15:59 2891

"Іздестіру" кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында іздеуде болған 399 қылмыскер ұсталды

"Іздестіру" кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында іздеуде болған 399 қылмыскер ұсталды

Астана. 22 маусым. "Қазақстан Бүгін" -"Іздестіру" кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында іздеуде болған 399 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР ІІМ Криминалдық полициясы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, іздестіруде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында 2009 жылғы 15-21 маусым аралығында республика аумағында "Іздестіру" кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.

Қабылданған шаралармен іздеуде болған 399, "өткен жылы" жарияланған - 70, кісі өлтіргені үшін - 9; қарақшылық шабуыл және бопсалағаны үшін 6, кісі зорлағаны үшін - 5, тонау - 34 және денсаулыққа ауыр жарақат келтіргені үшін - 15 адам ұсталды.

ТМД елдерінің құқық қорғау органдары үшін 45 қылмыскер, оның ішінде Ресей Федерациясына - 28, Өзбекстан Республикасынан - 11, Қырғыз Республикасынан - 3, Изербайжан Республикасы мен Украинадан бір қылмыскерден ұсталды.

Операцияны өткізу барысында ішкі істер органдарының, ішкі әскерлердің, әкімшілік, жол, көші-қон және басқа да қызметтердің күштері мен құралдары тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны