07.05.2012, 16:28 3796

Іздеуде жүрген әлемдік лаңкес өлтірілді

Ол іздеуде жүрген 10 әлемдік терроршының бірі болатын, деп хабарлады Утро. ру. Иуе соққысын Орталық барлау басқармасы басқарған ұшқышсыз ұшақ жасады, деп хабарлады АҚШ-тың өкілдері.

Астана. 7-мамыр. Kazakhstan Today - Йеменде "Аль-Каэданың" 37 жастағы беделді командирі Фахд Мохаммед Ахмед аль-Кусо өлтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ол іздеуде жүрген 10 әлемдік терроршының бірі болатын, деп хабарлады Утро. ру. Иуе соққысын Орталық барлау басқармасы басқарған ұшқышсыз ұшақ жасады, деп хабарлады АҚШ-тың өкілдері.

Йемендік әскерилер аноним шарттары бойынша хабарлағандай, зымыран аль-Кусоны "Аль-Каэданың" басқа бір командирімен көліктен түсу кезінде жарып жібергендігін айтады. АҚШ бұған дейін Йеменнің аумағында мұндай операцияларды жүргізбеген. Аль-Кусо американдық ФБР жасаған тізім бойынша іздеуде жүрген әлемдік терроршылардың бірі. Ол туралы қандай бір ақпаратқа 5 миллион доллар сыйақы қарастырылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны