13.09.2011, 16:50 3165

ИЖТМ мәжілісте индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заң жобасын таныстырды

Парламент Мәжілісінде "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" заң жобасының таныстырылымы өткен.

Астана. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - ИЖТМ мәжілісте индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Парламент Мәжілісінде "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" заң жобасының таныстырылымы өткен.

Отырыс барысында аталмыш құжат жөнінде баяндама жасаған Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Раудың айтуынша, құжат индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыру мақсатында құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздер қалау мақсатында дайындалып отыр. Сонымен қатар құжат инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын қарастырады. "Заң жобасының мақсаты - ұлттық экономиканы оның басым бағыттарына күш сала отырып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Заң жобасы экономиканың басым бағыттарының дамуына жағдай жасап, жаңа өндірістердің ашылуын қамтамасыз ету және қолданыстағы өндіріс ошақтарын жаңғырту техникалық жағынан заманға сай жарақтандыру, жоғары технологиялы өндірістерді дамыту ісіне инновацияларды тиімді енгізу, еліміздің экспорттық әлеуетінің тартымдылығын арттыруды көздейді",-деді министрдің орынбасары.

Аталмыш құжат күшіне енетін болса, еліміздің Жер кодексіне, Салық кодексіне, "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін өзі басқару туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" сияқты бірқатар құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. "Құжат қабылданған жағдайда оның елдегі экономикалық, құқықтық немесе әлеуметтік жағдайға кері әсері болмайды",-деді А.Рау.

Депутаттар мәжіліс барысында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын да қарады. Мәжіліс депутаттарының айтуларынша, аталмыш екі құжат та Елбасының тапсырмасы негізінде дайындалған. Өткен жылы елімізде индустрияландыру картасы бойынша 152 кәсіпорын ашылса, биылғы олардың саны 204 кәсіпорынды құрамақ. Осылардың барлығы мемлекет тарапынан қолдауды қажет етеді. Сондықтан халық қалаулылары аталған құжаттарды жедел түрде қарап, келесі 2012 жылы ол күшіне енуі керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны