23.04.2015, 14:53 4238

Йеменнен 2 ұшақ Ресейге 160 адамды жеткізді

Йеменнен Ресей және басқа елдердіӊ азаматтарын эвакуациялаған тағы екі ұшақ келді. Бұл соғыс өӊірінен адамдарды құтқару бойынша 9 операция болып отыр. Алғаш рет Ил-62 ұшағы 140 адамды эвакуациялаған болатын.

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Йеменнен Ресей және басқа елдердіӊ азаматтарын эвакуациялаған тағы екі ұшақ келді. Бұл соғыс өӊірінен адамдарды құтқару бойынша 9 операция болып отыр. Алғаш рет Ил-62 ұшағы 140 адамды эвакуациялаған болатын. Олар - Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Йемен және АҚШ азаматтары. Екінші рейсте жеткізілген 160 адамныӊ арасында біздіӊ де отандастарымыз, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Құтқарылған адамдардыӊ барлығы медициналық және кедендік тексеруден өтеді. Оларды елдіӊ Сыртқы істер министрлігінде шетелдік өкілдер күтіп алады. Ал үйлеріне қайтатын азаматтар Мәскеудегі әуежайларға жеткізіледі, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны