22.07.2014, 19:37 6257

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік құндылықтар тізіміне қазақстандық 10 нысан енді

"Қазақстанның бай табиғи және мәдени мұрасын сақтауда қосқан ерен еңбегі үшін алғыс айтып, Тянь-Шань дәлізін Дүниежүзілік ЮНЕСКО мұрасына енгізіліп отырғаны үшін құттықтауға рұқсат етіңіздер", - деді Э.Фальт.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Астанада ЮНЕСКО істері бойынша ұлттық комиссияның бірінші өңіраралық жиыны барысында ЮНСКО-ның сыртқы байланыс және қоғамдық ақпарат бойынша бас директоры Эрик Фальт ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровқа қазақстандық нысандарды ЮНСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу мен екі қазақстандық табиғи резерватты Дүниежүзілік биосфералық резерватқа енгізу туралы сертификатты табыстады.

"Қазақстанның бай табиғи және мәдени мұрасын сақтауда қосқан ерен еңбегі үшін алғыс айтып, Тянь-Шань дәлізін Дүниежүзілік ЮНЕСКО мұрасына енгізіліп отырғаны үшін құттықтауға рұқсат етіңіздер", - деді Э.Фальт.

Оның айтуынша, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық резерватына тағы жаңа екі резерват енгізілді. Олар азақстанның "Қатонқарағай" мемлекетітк ұлттық табиғи паркі және "Айжайық" биосфералық аймағы.

"Осы орайда орталық Қазақстанның дүние жүзі бойынша жан-жақтылық, түсіністік пен ынтымақтастыққа қатысты мәдениетаралық және дінаралық диалогты дамытудағы халықаралық қауымдастық үшін стратегиялық құрылымды қамтамасыз етудегі маңызы зор. Қазақстан осы саа бойынша соңғы он жылдықтағы ірі көшбасшылардың бірі", - дейді.

Қазақстанның 8 нысаны ЮНЕСКО әлемдік мұралар қатарына өткен. Сонымен бірге, Қазақстан, Қырғызстан және Қытай тараптары бірлесе дайындаған "Ұлы Жібек жолы: Жібек жолының бастапқы бөлігі, Тянь-Шань дәлізі бағыттарының жүйесі" жөніндегі сериялық трансшекаралық номинациясының ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны