18.02.2014, 19:35 33839

Қ.Келімбетов банктердің банкротқа ұшырауы туралы ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді

Өз сөзiнде ол Ұлттық банк өз тарапынан мұндай тұрақсыздық тудырушы iс-әрекеттердi болдырмау мақсатында тиiстi құқық қорғау органдарына өтiнiш жолдағанын атап өттi.

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan today. Бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов бiрқатар банктердiң банкроттыққа ұшыруы туралы апараттың жалғандығын атап көрсетті.

"Бүгiн SMS хабарламалар арқылы бiрқатар қазақстандық банктердің қаржылық жағдайы туралы жалған әрi күмәндi ақпараттың тарағаны белгiлi. Бұл өз кезегiнде аталмыш банктер салымшылары тарапынан шетел валютасына деген дүрлiкпе сұраныстың туындауына себеп болды. Осыған байланысты, таралған мәлiметтiң жалған, негiзсiз, арандатушы ақпар екендiгiн және елiмiздiң банк жүйесiн тұрақсыздандыруға бағытталғаны туралы Ұлттық банк мәлiмдейдi", - дедi Қ.Келiмбетов.

Өз сөзiнде ол Ұлттық банк өз тарапынан мұндай тұрақсыздық тудырушы iс-әрекеттердi болдырмау мақсатында тиiстi құқық қорғау органдарына өтiнiш жолдағанын атап өттi.

"Ұлттық банк барлық қазақстандық банктерде ұлттық валютада да, шетелдiк валютада да қаржының жеткiлiктi екендiгiн мәлiмдейдi. Және қажет болған жағдайда банктерге өтiмдiлiктi қоса алғанда тиiстi қолдау көрсетедi. Заңнамаға сәйкес жеке тұлғалардың кез келген валютадағы депозиттерiне мемлекет тарапынан кепiлдік берiлетiнiн естерiңiзге сала кеткiм келедi. Ұлттық банк Қазақстан азаматтарына мұндай жалған ақпараттарға сенбей, сабырлық сақтауға шақырады", - деп түйiндедi ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны