16.06.2014, 19:39 2717

Қ.Көшербаев: Ашық саясат жетістікке жету кілтіне айналды

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктеріне сараптама жасайтын болсақ, біздің ашықтық саясатымыздың арқасында көптеген жетістікке жеткенімізді көруге болады, дейді Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев 2014 жылдың 14 маусымында Қызылордада өткен Қазақстан-Ресей-Беларусь эксперттік форумында.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктеріне сараптама жасайтын болсақ, біздің ашықтық саясатымыздың арқасында көптеген жетістікке жеткенімізді көруге болады, дейді Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев 2014 жылдың 14 маусымында Қызылордада өткен Қазақстан-Ресей-Беларусь эксперттік форумында.

"Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктеріне сараптама жасайтын болсақ, біздің ашықтық саясатымыздың арқасында көптеген жетістікке жеткенімізді көруге болады. Біріншіден, біз мемлекеттік шекарамызды құқықтық рәсімдедік. Көршілес елдермен байланыс құрып, күн тәртібіндегі басты мәселелердің бетін ашып алдық. Соның арқасында бүгінгі таңда елімізде шекаралық ешқандай да түйіткілдер туындап отырған жоқ", - дейді әкім.

"Екіншіден, біздің баршаға ашылғанымыздың арқасында Қазақстан экономикасына 180 млрд доллар инвстиция құйылды", - дейді ол.

Өңір басшысының айтуынша, бүгінгі таңда Дүниежүзілік банктің "Doing Business" кәсіпкерлікті жүргізу жеңілдігі индексі бойынша Қазақстан 2013 жылы жалпы көрсеткіште 185 елдің ішінде 50-інші орында.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Үкіметі ел аумағында жұмыс істеуге мүдделі кәсіпкерлерге барынша қолайлы орта қалыптастыруға дайын", - дейді Қ.Көшербаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны