Система Orphus

Көкшетауда Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған іс-шаралар басталды

16.10.2019, 16:10 16741

Көкшетау. 16 қазан. Kazakhstan Today - Бүгiн Ақмола облысында қазақ әдебиетiнiң негiзiн қалаушы, көрнектi мемлекет қайраткерi Сәкен Сейфуллиннiң 125 жылдығына арналған "Кербез Көкшенiң ақиығы - Сәкен Сейфуллин" атты ғылыми конференция өттi. Iс-шараға қатысу үшiн Көкшетауға Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан елiмiздiң белгiлi қоғам қайраткерлерi, жетекшi ғалымдары, сәкентанушылары келдi.

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев өзiнiң құттықтау сөзiнде Сәкен Сейфуллиннiң мерейтойын атап өту iргелi оқиға болып табылатынына және қазақстандықтардың рухани өмiрiн байытуға бағытталғанына назар аудартты. "Сәкен Сейфуллин - ел тарихында жарқын iзiн қалдырған атақты тұлға. Оның өмiрi мен бай шығармашылық мұрасын зерттеп кеңiнен таныту өте маңызды", - дедi өңiр басшысы.

Облыс әкiмiнiң бастамасы бойынша Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнде Тұрсынбек Кәкiшев орталығы ашылды. Ол Ақмола облысының тумасы - сәкентануға қомақты үлес қосқан филология ғылымының докторы. Тұрсынбек Кәкiшев Сәкен туралы 16 ғылыми-зерттеу кiтаптарын жазды. Қазақ классиктерiнiң арасында Абай мен Сәкен Сейфуллиннiң ғана шығармашылығы мен өмiр жолы осылай терең зерттелген. "Тұрсынбек Кәкiшев әдебиет туралы ғылымның әртүрлi мәселерiмен айналысты. Ал Сәкен Сейфуллиннiң өмiрiн зерттеу - оның әуестiгiнен туындады", - дедi ғалымның жесiрi, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филология ғылымының докторы Күляш Ахметова.

Сәкен Сейфуллиннiң қазақ әдебиетiн дамытудағы рөлi туралы Сәкен Сейфуллин қорының төрағасы, қоғам қайраткерi Оралбай Әбдiкәрiмов, ақын-жазушының құрметiне оның есiмi қойылған Сәкен Сейфуллинiң туған ағасының немересi, С.Сейфуллин музейiнiң директоры Несiпбек Айтұлы, Е.Букетов атындағы ҚарМУ профессоры, ф.ғ.д. Жандос Смағұлов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры ф.ғ.д. Аманжол Әлтаев, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ доцентi Сәбит Жәмбек, театр сахнасы мен деректi фильмдерде Сәкеннiң рөлiн ойнаған актер, драматург Қанат Жүнiсов және басқалар баяндады.

Сәкен Сейфуллиннiң есiмi ақмолалықтар үшiн өте қымбат. Өзiнiң "Көкшетау" поэмасында ол Бурабайдың бiрегей табиғатын жырлады. Сәкен қазақтың мерзiмдiк басылымының бастаушысы болды. Оның қатысуымен қазiр облыста "Арқа ажары" деген атпен шығарылып жүрген "Тiршiлiк" газетi басылып шығарылды. Сейфуллиндер отбасы тағдырының қайғылы сәттерi де Ақмола облысын айналып өтпедi. Отанын сатқандардың Ақмола лагерiне апара жатқан жолда жұбайы Гүлбахрамның қолында сәби кезiнде қайтыс болған оның баласы Аян Көкшетаудағы мұсылмандар зиратында жерленген.

Ұлы ақын және ойшыл Сәкен Сейфуллиннiң 125 жылдығына арналған салтанатты iс-шаралар қатарында бүгiн Көкшетауда "Сыр-сандықты ашып қара" өңiраралық ақындар мүшәйрасы өткiзiледi.

Жарысқа астанадан, Петропавловск, Павлодар қалаларынан және Ақмола облысының өңiрлерiнен келген 22 ақын қатысады. Олар қазақ поэзиясы классигiнiң өмiрi мен шығармашылығы туралы өз өлеңдерiн, сонымен қатар, еркiн тақырыпқа шығармаларын оқиды.

"Сәкен Сейфуллиннiң шығармаларында бiздiң жастарымызға қажеттi өз отанына деген сүйiспеншiлiктiң негiзi қаланған. Бұл қағидат өз заманының дауылпазы болған ақынның өмiр жолына тiкелей қатысты, оның шығармашылығы бағалы әрi маңызды", - дедi жыршылар бәйгесiн ұйымдастырушылар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны