10.02.2016, 20:19 3112

К.Мәсімов БҒМ ұжымына жаӊа министрді таныстырды

Бүгін Астанада ҚР Премьер - Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ ұжымына жаӊа басшы Ерлан Сағадиевті таныстырды

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада ҚР Премьер - Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ ұжымына жаӊа басшы Ерлан Сағадиевті таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кәрім Мәсімов Ерлан Сағадиевті Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындау туралы ҚР Президентініӊ Жарлығын оқып, министрліктіӊ бұрынғы басшысы Аслан Сәрінжіповке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

К.Мәсімов Е.Сағадиевтіӊ әртүрлі салалардағы кәсіби тәжірибесін атап өтіп, министрлік Елбасы тапсырмаларын тиімді орындауды жалғастыратынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Е.Сағадиев көрсеткен сенімі үшін ҚР Президентіне алғыс білдіріп, Мемлекет Басшысыныӊ министрлік алдына қойған тапсырмаларын табысты жүзеге асыруға бар күшін салатынын айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны