16.06.2016, 21:38 4652

К.Мәсімов бизнес қауымдастықпен кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады

Үкімет басшысы Палата жұмысыныӊ нәтижелері мен бизнесте кездесетін проблемалы мәселелер туралы мәліметті тыӊдады. Кәсіпкерліктіӊ негізгі проблемаларыныӊ арасында жеткілікті қаржыландырудыӊ болмауы, айналым қаражатыныӊ жетіспеуі, сұраныстыӊ және өнімді өткізу нарықтарыныӊ қысқаруы, сондай-ақ мемлекеттік органдар тарапынан ШОБ субъектілерін тексерулер санын арттыру атап өтілген

Астана. 16 маусым. Kazakhstan Today - Бейсенбі, 16 маусымда, Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ ІІІ Съезініӊ жұмысына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Үкімет басшысы Палата жұмысыныӊ нәтижелері мен бизнесте кездесетін проблемалы мәселелер туралы мәліметті тыӊдады. Кәсіпкерліктіӊ негізгі проблемаларыныӊ арасында жеткілікті қаржыландырудыӊ болмауы, айналым қаражатыныӊ жетіспеуі, сұраныстыӊ және өнімді өткізу нарықтарыныӊ қысқаруы, сондай-ақ мемлекеттік органдар тарапынан ШОБ субъектілерін тексерулер санын арттыру атап өтілген, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Осыған байланысты К.Мәсімов Қаржы министрлігіне "Атамекен" ҰКП-мен бірге тексерулер санын азайту бойынша ұсыныстарды қарап, енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ отандық компанияларды дамыту және қолдау мәселесі бойынша қаржы ұйымдары, ірі кәсіпорындар, бейінді комитеттер мен ҰКП облыстық филиалдарыныӊ өкілдері сөз сөйледі.

Талқылау қорытындысын түйіндеген Кәрім Мәсімов "Атамекен" палатасы отандық кәсіпкерлердіӊ басын қосқан ұйым ретінде танылғанын және ол арқылы бизнес қауымдастық мемлекеттік органдармен шоғырландырылған түрде диалог жүргізе алатынын атап өтті.

Премьер-Министр іскерлік топтардыӊ жаӊа Салық кодексін әзірлеп, енгізу мәселесін бірнеше мәрте көтергенін еске салды.

"Біз Мемлекет басшысына жүгіндік, ол бір жылдыӊ ішінде Салық кодексін кәсіпкерлердіӊ көзқарастарын ескере отырып, пысықтауға рұқсат берді. Бұл Ұлттық палатаныӊ да еӊбегі деп ойлаймын", - деп баса айтты К.Мәсімов және серіктестерін осы мәселені одан әрі талқылауға шақырды.

Сондай-ақ К.Мәсімов осы аптада ШОБ-ті және халықты жұмыспен қамтуды қосымша қолдау мақсатында әрекеттегі бағдарламалардыӊ ішінде ресурстарды қайта бөлу туралы шешім қабылданғанын айтты.

"Бұл ақшалар нақты экономикаға түсіп, ал кәсіпкерлік пен жұмыспен қамту үздік бағытта жылжуы үшін сәйкес комиссиялардыӊ жұмысына атсалысуларыӊызды сұраймын", - деді К.Мәсімов іскерлік топтардыӊ өкілдеріне қарата сөйлеген сөзінде.

Бұдан өзге, К.Мәсімов Мемлекет басшысы жеке тұрғын үй құрылысына арналған инфрақұрылымды дамытуды қолдау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Премьер-Министрдіӊ пікірінше, бұл жалпы еліміз бойынша құрылыс көлемін ұлғайтуға жақсы серпін болады.

Өз сөзініӊ соӊында Кәрім Мәсімов кәсіпкерлерді халықты жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы саласында еӊбек өнімділігін арттыру, еӊбек ресурстарыныӊ жұмылғыштығы, елді отандық бірінші кезектегі қажетті тауарлармен қамтамасыз ету, шикізат секторына инвестициялар тарту мәселелерін шешуге назар аударуға шақырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны