23.01.2015, 21:13 3818

К.Мәсімов Давоста сауда мәселелері бойынша Еуропалық комиссар С.Мальстроммен Қазақстанныӊ ДСҰ-на кіруі мәселелерін талқылады

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов сауда мәселелері бойынша Еуропалық комиссар Сесилия Мальстроммен кездесу өткізді.

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов сауда мәселелері бойынша Еуропалық комиссар Сесилия Мальстроммен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Иӊгіме барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақтыӊ сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастығын дамытуды талқылады, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Сондай-ақ, К.Мәсімов пен С.Мальстром Қазақстанныӊ Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруініӊ өзекті мәселелерін қарады.

Кәрім Мәсімов Қазақстан елдіӊ ұзақ мерзімді ұлттық экономикалық мүдделеріне жауап беретін жағдайларда ДСҰ-на кіру үдерісін аяқтау бойынша жұмыс жасап жатқанын атап өтті.

Бұдан өзге, тараптар ДСҰ-на кіру Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жағдай жасайды деген ортақ пікірге келді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны