12.06.2015, 09:28 3494

К.Мәсімов ҚР Үкіметі отырысында моно- және шағын қалаларды дамыту бойынша кеӊес өткізді

Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов селекторлық режимде ҚР Үкіметініӊ кезекті отырысын өткізді, оныӊ барысында моно- және шағын қалаларды дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрініӊ ресми сайты

Астана. 12 Маусым. Kazakhstan Today - Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов селекторлық режимде ҚР Үкіметініӊ кезекті отырысын өткізді, оныӊ барысында моно- және шағын қалаларды дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрініӊ ресми сайты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев 2015 жылдыӊ қаӊтарынан бастап моноқалаларды дамыту бағдарламасы жоюға қойылып, ал оныӊ шаралары жеке бөліммен 2020 жылға дейін өӊірлерді дамыту бағдарламасына ықпалдастырылғанын еске салып өтті. Сонымен бірге, моноқалалардыӊ ШОБ-ін қолдаудыӊ мемлекеттік шаралары "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бизнесті қолдау және дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасына ықпалдастырылды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Министрдіӊ мәліметінше, 2014 жылы 2011 жылмен салыстырғанда моноқалаларда белсенді жұмыс жасайтын кәсіпорындар саны орта есеппен алғанда 20%-ға артып, 29,5 мыӊ бірлікті құрады. Осы кезеӊдегі жұмыссыздық деӊгейі барлық моноқалаларда төмендеді. 2014 жылы аталған көрсеткіш жалпы еліміз бойынша 5%-ды, моноқалаларда - 4,7%-ды құрады.

Бұдан өзге, 2011 жылмен салыстырғанда табысы күн көріс минимумынан төмен халық үлесі 25 моноқалада төмендеді. Сәйкес көрсеткішке Жаӊатас - 6,1% және Кентау - 6,9% қалаларында қол жеткізілген жоқ.

2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша 16 зәкірлі жоба пайдалануға беріліп, 2,7 мыӊ жұмыс орны құрылды, олардыӊ 10-ы 50-ден 100 % дейінгі жобалық қуаттылыққа шықты. Биылғы жылдыӊ соӊына дейін Степногорск, Текелі, Құлсары, Балқаш, Сәтпаев, Сарань, Екібастұз, Ақсу, Риддер және Зыряновск қалаларында 14 жобаны енгізу жоспарланған.

"2013-2014 жылдары моноқалалардыӊ ШОБ дамытуға 7,2 млрд. теӊге бөлінді, 1380 микронесие мен 283 грант берілді, субсидиялауға 346 жоба маұлданды, 12 моноқалада кәсіпкерліктіӊ 22 нысанына инфрақұрылым жүргізілді", - деп хабарлады Е.Досаев.

Сондай-ақ, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға өткен екі жылда 123 жобаны жүзеге асыруға 21,4 млрд. теӊге, моноқалаларды абаттандыруға 19,4 млрд. теӊге бөлінді.

"Моноқалаларды дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға ағымдағы жылы барлығы 16,6 млрд. теӊге, оныӊ ішінде ШОБ-ті дамытуға - 3,3 млрд. теӊге қарастырылған", - деп толықтырды ол.

Оған қоса, министр ШОБ-ті дамытуға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстыӊ жеткіліксіздігін атап өтті.

"Жергілікті атқарушы органдар моноқалаларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары аясында мүмкіндіктер мен жаӊа өзгерістерді түсіндіру бойынша жұмысты күшейтуі тиіс деп есептейміз", - деп түйіндеді Е.Досаев.

Сондай-ақ, аталған мәселе бойынша бірқатар министрліктер мен облыс әкімдіктерініӊ басшылары сөз сөйледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны