19.11.2015, 16:54 3822

К.Мәсімов Мемлекет басшысыныӊ берген тапсырмаларын орындауды сапалы бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 2015 жылдыӊ 18 қарашасында өткен ҚР Үкіметініӊ кеӊейтілген отырысында ҚР Президенті берген тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша ҚР Үкіметініӊ жедел отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдіӊ ресми сайты

Астана. 19 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 2015 жылдыӊ 18 қарашасында өткен ҚР Үкіметініӊ кеӊейтілген отырысында ҚР Президенті берген тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша ҚР Үкіметініӊ жедел отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдіӊ ресми сайты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекеттік органдардыӊ басшылары "Оӊалту және банкроттық туралы" Заӊды орындау, жекешелендіру және жария ету бағдарламаларын жүзеге асыру, "Нұрлы Жол", индустрияландырудыӊ екінші бесжылдығы, мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту, инвестициялар тарту, "Самұрық-Қазына" Қорын трансформациялау, сондай-ақ азық-түлік тауарлары бағасын мониторингілеу және халықтыӊ әлсіз топтарына қолдау көрсету туралы баяндады, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Отырыс қорытындысы бойынша К.Мәсімов Мемлекет басшысыныӊ барлық тапсырмаларын орындауды сапалы бақылауды ұйымдастыруды тапсырды.

Ир мәселе бойынша толығырақ министрліктер және ведомстволар басшылары, облыс әкімдері 2015 жылдыӊ 23 қарашасында селекторлық режимде өтетін ҚР Үкіметі отырысында мәлімдейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны