27.06.2016, 12:58 3857

К.Мәсімов түйнеме дертіне шалдыққан науқастарға көрсетілген медициналық қызметтердіӊ сапасын тексеруді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында аймақта түйнеме ауруыныӊ тіркелуі жағдайына байланысты кеӊес өткізді

Астана. 27 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында аймақта түйнеме ауруыныӊ тіркелуі жағдайына байланысты кеӊес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұдан бұрын белгілі болғандай, Қарағанды облысы Шет ауданыныӊ Еркіндік ауылында түйнеме ауруы тіркелді. Бүгінгі таӊда түйнеме ауруына шалдыққан деген күдікпен 8 оқиға тіркелді, оныӊ ішінде 2 адам көз жұмды. Осыған байланысты аталған елді мекенде ТЖ режімі жарияланды, деп хабарлайды pm.kz тілшісі.

Кеӊес барысында қолға алынып жатқан шаралар туралы Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков, ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин, ҚР АШМ вице-министрі Гүлмира Исаева, ҚР ДСИДМ басшысы Тамара Дүйсенова, сонымен қатар ҚР ІІМ вице-министрі Юрий Ильин баяндама жасады.

Кеӊесті қорытындылаған К.Мәсімов бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне ветеринарлық қызметтердіӊ жұмысыныӊ тиімділігіне талдау жасау, вакцина сапасына сараптама жүргізу тапсырылды. Мал қорымдарыныӊ күйі туралы мәселені Үкіметтіӊ селекторлық отырысыныӊ күн тәртібіне жеке шығару ұйғарылды.

Ал Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Премьер-Министр түйнеме дертіне шалдыққан науқастарға көрсетілген медициналық қызметтердіӊ сапасын тексеруді және бұдан былай мұндай жағдайларға жол бермеу үшін қатаӊ шаралар қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ Қарағанды облысыныӊ әкіміне өӊірдегі профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар кешенін қабылдау тапсырылса, Ішкі істер министрлігіне аталған факті бойынша тергеуді соӊына дейін жеткізу жүктелді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны