20.05.2020, 17:56 4040

ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласында жасырын зертхананы жойды

Жасырын есірткі зертханасында тінту нәтижесінде шамамен 2 кг "A-PVP" синтетикалық есірткісі ("қара нарықтағы" құны шамамен 34 млн теңгені құрайды) алынды

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan Today - 2020 жылғы 13 мамырда ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жасырын тергеу іс-қимылдарын жүргізу кезінде уақытша тұрғылықты жерінде синтетикалық есірткі жасауды және оларды "қойылма" деп аталатын жолмен сатуды ұйымдастырған "С" деген ҚР азаматын ұстады.

Жасырын есірткі зертханасында тінту нәтижесінде шамамен 2 кг "A-PVP" синтетикалық есірткісі ("қара нарықтағы" құны шамамен 34 млн теңгені құрайды), орау материалдары, шыны құтылар, магнитті араластырғыш, сорғылар, түтікшелер, шыны цилиндрлер, респираторлық бетперделер, электрондық таразы, 2 кг реагент, 40 литр әртүрлі прекурсор және зертханалық жағдайда психотроптық заттар жасау кезінде қолданылатын өзге де айлабұйымдар алынды.

"С" деген азамат ҚР ҚІК 128-бабының тәртібінде Нұр-Сұлтан қ. ПД УҰИ-ға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны