29.06.2015, 10:34 2965

Қ.Тоқаев Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерініӊ V Съезін қорытындылады

Сенат Төрағасы, Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығыныӊ Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат Аппараты, Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениеттер және діндердіӊ халықаралық орталығы өкілдерініӊ қатысуымен отырыс өткізді, деп хабарлады Сенаттыӊ баспасөз қызметі

Астана. 29 Маусым. Kazakhstan Today - Сенат Төрағасы, Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығыныӊ Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат Аппараты, Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениеттер және діндердіӊ халықаралық орталығы өкілдерініӊ қатысуымен отырыс өткізді, деп хабарлады Сенаттыӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үнқатысуды дамытуға арналған діни форумныӊ зор маӊызын атап өте келіп, Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бастамаларын сапалы түрде іске асыру қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Төраға шетелдік діни және саяси қайраткерлердіӊ Съезде айтқан ұсыныстары мен идеяларына талдау жасауға тапсырма берді.

Жауапты мемлекеттік органдарға БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдарға V Съезд Декларациясын тарату, сондай-ақ Астанадағы дінаралық үнқатысуыныӊ маӊызын жүйелі түрде түсіндіру тапсырылды. Қ.Тоқаев Съездіӊ БҰҰ Өркениеттер альянсі және басқа да үнқатысу құрылымдарымен өзара іс-қимылды күшейту жайында да айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны