26.02.2016, 14:37 5010

Қ.Тоқаев: ЕҚЫҰ елдер арасындағы барлық қауіпсіздік мүддесіне сенімді нығайтуға әрекет етуі керек және оған мүмкіндігі жеткілікті

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы елдер арасындағы барлық қауіпсіздік мүддесіне сенімді нығайтуға әрекет етуі керек және оған мүмкіндігі жеткілікті. Бұл туралы Венада өткен ЕҚЫҰ ПА үш ортақ комитеттіӊ бірлескен отырысында ҚР Парламенті Сенатыныӊ төрағасы Қасымжомарт Тоқаев хабарлады

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы елдер арасындағы барлық қауіпсіздік мүддесіне сенімді нығайтуға әрекет етуі керек және оған мүмкіндігі жеткілікті. Бұл туралы Венада өткен ЕҚЫҰ ПА үш ортақ комитеттіӊ бірлескен отырысында ҚР Парламенті Сенатыныӊ төрағасы Қасымжомарт Тоқаев хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні? тілшісі.

"Ир мемлекеттіӊ қауіпсіздігі - басқа да барлық ЕҚЫҰ қатысушыларыныӊ қауіпсіздігімен тығыз байланысты. Хельсинкі актісінен кейін 40 жыл өтсе де, Астана декларациясыныӊ өзектілігі айқын екені белгілі. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы елдер арасындағы барлық қауіпсіздік мүддесіне сенімді нығайтуға әрекет етуі керек және оған мүмкіндігі жеткілікті",-деп атап өтті Қ.Тоқаев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

ҚР Сенатыныӊ төрағасы 31-ші мамыр күні Астанада барлық әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерініӊ басын қосатын "Діндер терроризмге қарсы" тақырыбында парламенттік конференция өтетінін хабарлап, әріптестерін соған қатысуға шақырды.

"Түрлі дау тудыратын көзқарастарға қарамастан экзистенциалды қауіп-қатерге қарсы тұру үшін бәрімізге бірігу керек. Еуразиялық қауіпсіздік - бұл біздіӊ тарихи жауапкершілігіміз. Президент Н.Назарбаевтыӊ БҰҰ-ӊ сессиясында айтқанындай, дереу терроризмге қарсы әрекет ететін бүкіләлемдік жүйе құру керек",-деді Қ.Тоқаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны