16.05.2014, 20:44 2817

Қ.Жақыпов: Білім саласын дамыту мәселелерін шешуде мемлекеттің, ғылымның, бизнестің және қоғамның бірлескен күші қажет

"Адами ресурстар сапасын арттыру - тек қана білім саласының міндеті емес. Бұл жерде мемлекеттің, ғылымның, бизнестің және әрбір жұмыс беруші мен әрбір қазақстандықтың бірлескен күші қажет",- деді Қабиболла Жақыпов.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов "техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру жүйесінде экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың сапасы мен перспективалары" тақырыбында өтіп жатқан парламенттік тыңдау барысында ғылымды және ғылыми кадрларды дамыту мәселесіне назар аударды.

Мәжіліс Спикерінің атап өткеніндей, Қазақстанның халықарлық рейтингтегі орны бизнес пен зерттеушілік орта арасындағы байланыстың әлсіздігін, ғылыми-зерттеу кадрлары мен институттар сапасының жоғары еместігін көрсетеді, деп ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінде хабарлады.

"Адами ресурстар сапасын арттыру - тек қана білім саласының міндеті емес. Бұл жерде мемлекеттің, ғылымның, бизнестің және әрбір жұмыс беруші мен әрбір қазақстандықтың бірлескен күші қажет",- деді Қабиболла Жақыпов.

Мәжіліс Төрағасы қазақстандықтар лайықты білім алу үшін, өз ісінің шебері болу үшін, болашағына сеніммен қарап, бәсекеге қабілетті болуы үшін барлық жағдай жасалу керектігін, соның ішінде, құқықтық сала бірінші кезекте екенін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны