21.05.2015, 11:03 3478

Қ. ЖАҚЫПОВ: БОЙТҰМАРЫМЫЗ ОЛ - КОНСТИТУЦИЯ

Ата Заӊныӊ 20 жылдық мерейтойына орай ҚР Парламенті Мәжілісініӊ, Конституциялық Кеӊестіӊ, Қазақстан Заӊгерлер одағыныӊ ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Қазақстан Республикасы заӊнамасында конституция ережелерін іске асырудыӊ өзекті бағыттары" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов кіріспе сөзбен ашты

Астана. 21 Мамыр. Kazakhstan Today - Ата Заӊныӊ 20 жылдық мерейтойына орай ҚР Парламенті Мәжілісініӊ, Конституциялық Кеӊестіӊ, Қазақстан Заӊгерлер одағыныӊ ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Қазақстан Республикасы заӊнамасында конституция ережелерін іске асырудыӊ өзекті бағыттары" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов кіріспе сөзбен ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мәжіліс Төрағасы осыдан 20 жыл бұрын қазақстандықтардыӊ жалпыхалықтық референдум жолымен Ата Заӊды қабылдағанын, оныӊ жас мемлекетіміз дамуыныӊ стратегиялық бағытын айқындаған саяси-құқықтық құжат болумен қатар, қазақстандық азаматтылық пен патриотизмді қалыптастырудыӊ негізін қалаған маӊызды мемлекеттік және қоғамдық құндылыққа айналғанын атап өтті.

Қ. Жақыпов осы аса маӊызды құжатты әзірлеп, қабылдауда Елбасыныӊ ерен еӊбегі мен тарихи рөліне айрықша көӊіл бөлді.

Мәжіліс Спикерініӊ пікірінше, Конституция - Қазақстан Президентініӊ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы, мемлекеттік билік пен басқаруды жүйелеудегі, түрлі саладағы түбегейлі реформаларды орындаудағы, демократиялық институттарды дамытып, әлеуметтік жаӊғыртуды жүзеге асырудағы нық қадамдарыныӊ берік тұғырнамасы.

Өз сөзінде Қабиболла Жақыпов Ата Заӊныӊ принциптері мен ұстанымдарына сәйкес, қол жеткізілген табыстар мен болашақ мақсаттарды сөз етті. Исіресе, Елбасы ұсынған 5 институционалды реформаныӊ маӊыздылығын баса айта келіп, кеше ғана Қазақстан халқыныӊ назарына аталған реформаларды жүзеге асырудыӊ "100 нақты қадам -Ұлт жоспарыныӊ" ұсынылғанын атап өтті. Елбасыныӊ "Мәӊгілік ел" жолындағы стратегиялық тапсырмаларын сапалы заӊнамалық қамтамасыз ету бағытында атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды.

Конференция жұмысына табыс тілей келе, Мәжіліс Спикері:

- мемлекетімізді одан әрі дамытудыӊ және алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізудіӊ бірден бір кепілі, бойтұмарымыз - ол Конституция. Оныӊ әрбір қағидасы, әрбір ережесі еӊ жоғарғы заӊды күшке ие және мүлтіксіз орындалуға тиіс. Мәӊгілік солай болсын!",-деді.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны