Система Orphus

Қ.Жақыпов: ЕАЭО жаһандық форматты жақындастырудыӊ және үнқатысудыӊ факторы бола алады

16.04.2015, 17:38 4604

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Қабиболла Жақыпов бастаған мәжілісмендер делегациясы бүгін Санкт-Петерборда өткен "Еуразиялық экономикалық болашақ" III Халықаралық форумына қатысты. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жиынныӊ биылғы ерекшелігі - алдағы мамыр айында Еуразиялық Экономикалық одақ құру туралы Келісімге Астанада қол қойылғанына тура бір жыл толады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ЕАЭО және ТМД қатысушы-мемлекеттер парламентерініӊ басшылары, Еуразиялық Экономикалық комиссия алқасыныӊ мүшелері, белгілі ғалымдар мен экономистер бас қосқан форумда ұйымныӊ жұмысы, сондай-ақ, еуразиялық кеӊістікті нығайту мәселелері сөз болды.

Пленарлық отырыста сөз алған Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ЕАЭО елдерініӊ қазіргі экономикалық жағдайдағы өзара іс-қимыл бағыттарына айрықша назар аударды.

Атап өткеніндей, ол еӊ алдымен, өзара сауданы жандандырудыӊ кешенді шараларын қолға алу. Бұл жолда жалпы нарықтық тиімділікті арттыру үшін тарифтік емес кедергілерді жою мен шектеудіӊ маӊыздылығы жоғары болмақ.

Ресейлік рубль бағамыныӊ өзгеруіне байланысты мәселелерге тоқталған Қ. Жақыпов экономикалық интеграцияныӊ бір күндік саясат емес, керісінше, мемлекет басшылары белгілеген стратегиялық мақсат екенін атап өтті. Өз сөзінде:

- Экономикалық қиын жағдайда біздіӊ елдеріміз шынайы еуразиялық интеграция бағытында өзара қолдау мен ықпалдастықтыӊ жоғары деӊгейін көрсетіп отыр,-деді.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы аталған одақпен еркін сауда аймағын құру үшін көптеген елдердіӊ соныӊ ішінде, Үндістанныӊ, Вьетнамныӊ, Египеттіӊ, Түркияныӊ, Израилдіӊ және Еуропалық еркін сауда қауымдастығы елдерініӊ (Исландия, Норвегия, Швейцария, Лихтенштейн) қызығушылық танытып отырғанына тоқталды.

Қ. Жақыповтыӊ айтуынша өнеркәсіптіӊ импорттыӊ орнын басатын салаларын дамыту одаққа қатысушы-мемлекеттердіӊ экономикалық дамуына тыӊ серпін береді. Осы бағытта бүгінгі күні ЕАЭО аумағында 7 мыӊға жуықтайтын бірлескен өндіріс орындарын ашу жолында ынтымақтастықты нығайту маӊызды болмақ. Қабиболла Жақыпов:

- Одақ аясында біз ЕАЭО индустрияландыру картасын дайындауымызға болады. Елдеріміздіӊ экономикалық әлеуетін аумақтық тиімді ұйымдастыру арқылы экономикалық өсудіӊ жаӊа орталықтарын құрып, басым салалаларды дамытып, бір-бірімізді толықтыра аламыз,-деді.

Мәжіліс Спикерініӊ пікірінше, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудыӊ ЕАЭО үшін артықшылығы зор болмақ.

- Біз интгерациялық бірігудіӊ георафиялық жағдайын пайдаланып, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыта отырып, әлемдік экономиканыӊ ажырамас және маӊызды бөлігін құрайтын, Шығыс пен Батыс арасындағы "байланыстырушы буын" боламыз. Сонда Еуразиялық Экономикалық одақ жаһандық форматты жақындастырудыӊ және үнқатысудыӊ факторы бола алады,-деді өз сөзінде Қ. Жақыпов.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы құрылған ЕАЭО-тыӊ келешекте егемендік пен тәуелсіздікті сақтай отырып, мүше-мемлекеттердіӊ экономикасын дамытуға, өзара тиімді интеграцияға бағытталғандығын атап өтті.

- Бұл біздіӊ бірлескен интеграциялық жұмыстарымызды өміршеӊ ететін маӊызды ұстанымдардыӊ бірі,-деді Қ. Жақыпов.

Форумға сондай-ақ, мәжілісмендер М.Ишімбаев, Б.Ертаев, С.Сейдуманов, А.Тортаев қатысты.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны