09.07.2015, 14:59 3512

Қ. Жақыпов Эстонияныӊ Қазақстандағы елшісімен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ Төрағасы Қабиболла Жақыпов Эстонияныӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Яан Рейнхольдпен кездесті

Астана. 09 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ Төрағасы Қабиболла Жақыпов Эстонияныӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Яан Рейнхольдпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жүздесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастыӊ өзекті сұрақтарын талқылады.

Мәжіліс Спикерініӊ айтуынша Эстониямен жан-жақты байланысты нығайту еуропа бағытындағы маӊызды қадамдардыӊ бірі. Себебі, аталған мемлекет біздіӊ еліміздіӊ Балтық өӊіріндегі саяси әрі экономикалық маӊызды әріптестерініӊ бірі.

Қ. Жақыповтыӊ атап өткеніндей, Эстония мемлекетімен әсіресе, жоғары технология, экология, энергетика бағыттарында, сондай-ақ, эстондық порттар арқылы Қазақстан тауарларын тасу-тасымалдау айрықша басымдыққа ие болып отырған транзиттік-көліктік салада ынтымақтастықты тереӊдетудіӊ маӊыздылығы зор.

Мәжіліс Төрағасы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға Елбасы белгілеген бес инстиуционалды реформаныӊ тыӊ серпін беретінін алға тарта келіп, оны жүзеге асырудыӊ "100 нақты қадам" жоспарына тоқталды.

Қазір Мәжілісте аталған бастаманы заӊнамалық қамтамасыз ету шаралары қолға алынып жатқанын сөз ете келіп, Спикер шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін әрі инвестициялық тартымдылықты жоғарлату үшін қабылданып жатқан заӊдар туралы да атап өтті.

Өз кезегінде елші қос мемлекет арасында әріптестіктіӊ берік іргетасы қаланғанын, алдағы уақытта да екіжақты ықпалдастықты дамытуға ынталы екендіктерін жеткізді. Исіресе, ауылшаруышлығы өнімдері, технология салаларында жетік тәжірибелермен бөлісіп, бірлескен кәсіпорындар арқылы экономикалық қатынас қарқынын арттыруға дайын.

Мәдени-гуманитарлық байланысқа ерекше көӊіл бөлген мейман Спасск мемориалдық кешенінде эстондық репрессия құрбандарына ескерткіш белгі қоюға мүмкіндік бергені үшін Қазақстан еліне өз ризашылығын білдірді.

Парламентаралық ынтымақтастық жайын сөз еткенде тараптар бейінді комитеттер арқылы өзара іс-қимылды күшейтудіӊ маӊыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Мәжілісте депутат Бахытжан Ертаев жетекшілік ететін ынтымақтастық жөніндегі топ қызмет етеді.

Кездесу соӊында елші Қ. Жақыповқа Эстония Рийгикогу (Парламенті) Төрағасыныӊ ресми шақыруын табыс етті.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны