16.05.2014, 20:40 2885

Қ. Жақыпов: Техникалық мамандар санының көптігі емес, сапасының артқандығы маңызды

Бүкіләлемдік экономикалық форум мәліметтері бойынша 2013-жылы қазақстандық еңбек нарығы айтарлықтай жоғары 21-ші орынға тұрақтады. Алайда, біршама көрсеткіштер бойынша біздің еліміздің рейтингі төмендеу: мысалы кәсіби басқару - 116-шы орын; штаттық қызметкерлер құрамын қайта дайындау қолжетімділігі - 96 орын; еңбек және жұмыс беруші қауымдастығы - 78 орын.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов бүгін Мәжілісте "Техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру жүйесінде экономика салалары үшін кадр даярлаудың сапасы мен перспективалары" тақырыбында өтіп жатқан парламенттік тыңдауға қатысушылар алдында сөз сөйледі.

Қабиболла Жақыпов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан - 2050" Стратегиясында білім, кадрларды дайындау, қайта даярлау мәселелерін дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы басым бағыттардың бірі ретінде белгілегенін атап өтті, деп ҚР Парламенті Мәжілісінде хабарлады.

Осы ретте Мәжіліс Спикері тәуелсіздік алған уақыт ішінде әсіресе, білім саласында ауқымды жұмыстардың қолға алынғанына айрықша назар аударды. Айталық, білім құрылымы білім сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесі әзірленді.

Астанада "Назарбаев Университеті" шаңырақ көтеріп, бүгінгі күні Қазақстан жоғарғы білімінің ұлттық брендіне айналды. Аталған салаға жұмсалған қаржылық шығын соңғы 15 жылда бірнеше есеге ұлғайып, 2014-жылы 400 млрд. теңгеге дейін жетті.

Бүкіләлемдік экономикалық форум мәліметтері бойынша 2013-жылы қазақстандық еңбек нарығы айтарлықтай жоғары 21-ші орынға тұрақтады. Алайда, біршама көрсеткіштер бойынша біздің еліміздің рейтингі төмендеу: мысалы кәсіби басқару - 116-шы орын; штаттық қызметкерлер құрамын қайта дайындау қолжетімділігі - 96 орын; еңбек және жұмыс беруші қауымдастығы - 78 орын.

"Бүгінгі күні біздің отандық еңбек нарығы жай кадрға емес, жоғары кәсіби маманға зәру",-деп атап өтті Мәжіліс Спикері.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны