30.06.2014, 22:42 6565

Қ. Жақыпов ұлттық - ғылыми зерттеу заңнама институтын құру мүмкіндігін жоққа шығармайды

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс Төрғасы Қабиболла Жақыпов заң шығармашылық жұмысындағы бірқатар проблемалық жайттарға назар аударды.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan today. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс Төрғасы Қабиболла Жақыпов заң шығармашылық жұмысындағы бірқатар проблемалық жайттарға назар аударды.

Спикердің айтуынша бұл ең алдымен, Үкіметтен түсетін заң жобаларының сапасына қатысты.

Бесінші шақырылым жұмысы барысында Үкіметтен Мәжіліске 267 заң жобалары түскен, оның 43-і немесе 17 пайызы бекітілген талапқа сай сәйкес келмегендіктен кері қайтарылған. Ал, үшінші сессия кезінде Үкіметтен енгізілген 114 заң жобасының 38 пайызы ғана талапқа тоолықтай сәйкес келді. Сапаға әсер етіп отырған себеп-салдар қатарында құрылым аралық келіспеушілікті, заң жобасын дайындауда шетел тәжірибесін пайдаланғанда ұлттық заңнаманың ескерілмейтігін айтуға болады.

Заң жобалары мәтіндерінің қазақ және орыс тіліндегі түпнұсқалары да өзекті сұрақтардың бірі.

Мәжіліс Төрағасы депутаттардың заң жобасына түзетулерін қарау кезінде Үкіметтің заңмен белгіленген отыз күндік мерзімін сақтау керектігін де тілге тиек етті.

Осы ретте Қабиболла Жақыповтың пікірінше заң шығармашылық жұмыс деңгейін жоғарылату үшін, кешенді мемлекеттік шаралар қажет.

"Елбасы жүктегендей біздің құқықтық жүйеміздің бәсекеге қабілеттілігін дамыған отыз елдің деңгейіне жеткізу үшін қолданыстағы Конституция аясында Парламент Мәжілісіне түсетін заң жобаларының 90 пайыздан астамына бастамашы болатын, Үкіметтің заңнамалық қызметінің сапасын жоғарылату мақсатында кешенді мемлекеттік шараларды қолға алу қажет",- деді Қ. Жақыпов.

Ондай шаралардың бірі, ұлттық ғылыми- зерттеу заңнама институтын құру.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, ол институтты құқық саласындағы үздік ғалым-заңгерлерді, кәсіби мамандарды ғылыми кадрларды топтастырып, Үкімет жанынан құрған дұрыс.

Жаңа институт, мемлекеттік құқықтық жүйенің ғылыми дамуын қамтамасыз ететін бірегей орталық ретінде еліміздің басқарылатын және бақыланатын құқықтық тұжырымдамасын сапалы қалыптастыруға жол ашар еді,- деді Қабиболла Жақыпов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны