20.06.2014, 20:17 3247

Қ.Жаңбыршин: Есеп комитеті бақылаушылары қызметтерін 5 есеге арттырды

2013 жылы Есеп комитеті бақылаушыларының қамтуы шамамен 5 есеге өсті, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Есеп комитетінің төрағасы Қ.Жаңбыршин.

Алматы. 20 маусым. Kazakhstan today. 2013 жылы Есеп комитеті бақылаушыларының қамтуы шамамен 5 есеге өсті, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Есеп комитетінің төрағасы Қ.Жаңбыршин.

"Есеп комитетінің есебі - Үкімет есебінің қорытындысы. Яғни, Үкімет республикалық бюджеттің атқарылуы жайлы есеп берсе, біз оны қорытындылап, Үкіметтің жұмысынан анықталған кей мәселелерді ашып көрсетеміз. 2013 жылғы тексерістердің нәтижесінде беті ашылған жалпы заң бұзушылықтың көлемі 808 млрд теңгені құрады, соның 196 млрд теңгесі республикалық бюджет қаражаты", - дейді Қ.Жаңбыршин.

Оның айтуынша, бұл дегеніңіз мақсатсыз тұрғыда шығындалған қаражаттың құны 808 млрд теңгені құрайды деген сөз. "Осы қаражаттың бір бөлігі процедуралық сипатқа ие заң бұзушылықтар. Мысалға, мемлекеттік архитектура мен құрылыс туралы заңның сақталмауы, байқауды өткізу мерзімінің бұзуылуы секілді", - дейді ол.

"Заң бұзушылық құнының екі есеге артуына тағы бір әсер етуші фактор ретінде Есеп комитеті бақылаушыларының 44-тен 77-ге дейін артуына байланысты жағдайды атауға болады. Бұл дегеніңіз қамтуды шамамен 5 есеге арттыру деген сөз", - дейді ол.

Өз сөзінде төраға 2013 жылы Есеп комиеті тарыпанан 26 тексеру шараларының өткенін айтты. Есеп комитеті Үкіметке, мемлекеттік орталық және жергілікті органдарға, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 68 ұсыныс пен 309 тапсырма жіберген. Олардың орындалу көрсеткіші тиісінше 98% және 80%.

Айта кету керек, бүгін Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Үкімет пен Есеп комитетінің 2013 жылғы республикалық бюджеттік орындалуы туралы есебі мақұлданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны