06.05.2015, 22:51 2628

ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВ: ЕЛІМІЗДІ ЖАӉҒЫРТУ ЖӨНІНДЕГІ БАРЛЫҚ ШАРАЛАР ЖЕДЕЛ ЗАӉНАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Бүгін Мәжілісте Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, Мәжіліс Спикері күн тәртібін қарамас бұрын Елбасыныӊ мемлекет және қоғам дамуыныӊ жаӊа кезеӊіне бастайтын маӊызды тапсырмаларын заӊдық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды

Астана. 06 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжілісте Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, Мәжіліс Спикері күн тәртібін қарамас бұрын Елбасыныӊ мемлекет және қоғам дамуыныӊ жаӊа кезеӊіне бастайтын маӊызды тапсырмаларын заӊдық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұлықтау рәсімі өткеннен кейін Елбасыныӊ Жаӊғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрғанын сөз еткен Мәжіліс Төрағасы оныӊ негізгі мақсаты - Президент белгілеген бес институционалдық реформаныӊ кезеӊ-кезеӊмен орындалуын басқару және мемлекеттік органдар, бизнес-сектор, азаматтық қоғам іс-қимылдарын үйлестіру екенін жеткізді.

Қабиболла Жақыпов:

-Комиссия өз ұсыныстарын дайындап енгізу керек. Оларды Мемлекет Басшысы мақұлдаған соӊ Парламентке елімізді жаӊғырту жөніндегі барлық шаралар кешенін жедел заӊнамалық қамтамасыз ету жүктеледі. Мәжілістіӊ қарауына бір бума заӊнамалық актілер енгізіледі деп күтілуде.

Елбасы жария еткендей, "Енді Ұлы реформаларды бастай отырып, біз Мәӊгілік Елге жол саламыз".-деді өз сөзінде.

Спикер Президенттіӊ депутаттық корпусқа деген ұдайы ықыласы мен сенімін ақтап, жүктелген барлық міндеттерді абыроймен атқару керектігін баса атап өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны