24.06.2014, 18:09 2643

Кадет корпусын кезекті сержанттар бітірді

Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1996 жылғы шілде айында құрылған. Бұл оқу орнында кәсіпқой сержант - командирлердің болашақ көмекшілері білім алады.

Алматы. 24 маусым. Kazakhstan today. Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусында кәсіпқой сержанттардың 16-шы бітіру рәсімі өтті.

Дәстүрлі Жауынгерлік тумен қоштасу құқығы оқу үздігі Нұрлан Камаловқа ұсынылды, деп ҚМ хабарлады.

Бітірушілерге төс белгілері мен оқу орнын бітіргендері туралы дипломдар табыс етілді. 19 кәсіпқой сержант - командирлердің болашақ көмекшілері үздік диплом иегері атанды.

Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1996 жылғы шілде айында құрылған. Бұл оқу орнында кәсіпқой сержант - командирлердің болашақ көмекшілері білім алады.

Қадет корпусын бітірушілер ҚР Қарулы Күштерінің құрамалары мен бөлімдерінде табысты қызмет атқарып келеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны