28.04.2016, 15:21 4939

"KADEX-2016" көрмесінде қазақстандық өндірістіӊ броньды кеудешелері мен шлемофондары ұсынылады

"Тыныс" акционерлік қоғамы IV халықаралық "KADEX-2016" қару-жарақ пен әскери техника көрмесінде өзініӊ меншікті өндірісіндегі арнайы әскери керек-жарақты, оныӊ ішінде сауытты кеудешелер мен танкті шлемофондарды ұсынады

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - "Тыныс" акционерлік қоғамы IV халықаралық "KADEX-2016" қару-жарақ пен әскери техника көрмесінде өзініӊ меншікті өндірісіндегі арнайы әскери керек-жарақты, оныӊ ішінде сауытты кеудешелер мен танкті шлемофондарды ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кәсіпорында барлық үлгідегі қорғаныс броньды кеудешелерін шығару Қазақстанныӊ Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ әлеуетті құрылымдардыӊ мұқтаждығы үшін 2012 жылдан бастап ұйымдастырылған, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Бүгінгі таӊда зауыт еліміздегі осы жеке қорғаныс құралдарын шығарумен айналысатын бірден-бір өндіруші болып табылады.

Танк шлемофондарын дайындау "Тыныс" акционерлік қоғамында ағымдағы жылдан бастап ретке келтірілген. Осы қорғаныс керек-жарақтарыныӊ жазғы және қысқы нұсқалары броньды машиналардыӊ экипаж мүшелері арасында ішкі байланысты қамтамасыз ету және сыртқы байланыс бойынша шығу үшін арналған.

Сонымен қатар зауыт көрмеде авиациялық техниканыӊ өндірушілеріне арналған толымдаушы бұйымдардыӊ әр түрініӊ тұсаукесерін өткізеді.

"Тыныс" АҚ Ақмола облысыныӊ ірі машина құрастыру кәсіпорны болып табылатынын және "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-тыӊ құрамына кіретінін айта кетейік. Зауыт қызметініӊ негізгі бағыты авиациялық техниканыӊ тораптары мен агрегаттарын шығару болып табылады.

Алдағы "KADEX-2016" көрмесі Астанада маусымныӊ 2-і мен 5-і аралығында өтетінін естеріӊізге сала кетейік. Аталмыш көрменіӊ басты мақсаттарыныӊ бірі Қазақстанныӊ қорғаныс-өнеркәсібі кешенін жандандыру болып табылады. Искери мақсаттағы тауар өндіретін қазақстандық және шетелдік өндірушілердіӊ бірлесіп жұмыс істеуіне арналған алаӊ ретінде көрме отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенініӊ кәсіпорындарын дамыту үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны