14.05.2018, 11:48 4930

"KADEX-2018" көрмесінде жаӊартылған шынжыр табан техникасы қойылады

Жаӊғыртылған шынжыр табан техникасын шараныӊ ашық алаӊында көруге болады.

Астана. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстандық "Қазақстан инжиниринг - 811 автожөндеу зауыты" V Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде КМ-ЖБ базасында брондалған медициналық тасымалдағыш-эвакуаторды көрсетеді.

Жаӊғыртылған шынжыр табан техникасын шараныӊ ашық алаӊында көруге болады.

Жеӊіл брондалған көп мақсатты тартқыштыӊ базасындағы БМТЭ - ошақтардан зақымданған жаппай санитарлық шығындарды, жарақат алғандарды шайқас алаӊынан алып шығуға, іздестіруге, бірінші шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған.

Брондалған медициналық тасымалдағыш-эвакуатор түнде көрудіӊ жылу бейнелеу құрылғысымен, жараланғандарды іздестіруге арналған прожектормен, медициналық жабдықтармен жарақталған.

"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ құрамына кіретін "Қазақстан инжиниринг - 811 автожөндеу зауыты" АҚ өрт сөндіру автошанаштарыныӊ күрделі жөндеуі мен жаӊғыртуына, әскери техниканы жаӊғыртуға және өндіруге, автокөлік және шынжыр табан техниканыӊ күрделі жөндеуіне маманданған.

Кәсіпорын көп салалы өндірістік базасы, жоғары сапалы қызмет көрсету және өнім шығару үшін жоғары білікті мамандары бар, әскери техниканы жөндеу және қызмет көрсету саласында көпжылдық тәжірибеге ие.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны