30.05.2018, 22:08 4998

"KADEX-2018" шеӊберінде қазақстандық қорғаныс компаниялар 20 аса құжатқа қол қойды

Астанада V Халықаралық "KADEX - 2018" қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі алаӊында қазақстандық компаниялар қорғаныс өнеркәсіп саласында жетекші шетел компаниялармен бірқатар құжаттарға қол қойды.

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Астанада V Халықаралық "KADEX - 2018" қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі алаӊында қазақстандық компаниялар қорғаныс өнеркәсіп саласында жетекші шетел компаниялармен бірқатар құжаттарға қол қойды.

Мәселен,"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы және француздық "Tales" әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға келісті.Тиісті меморандумға "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Исет Құрманғалиев пен "Tales"-тіӊ ТМД-дағы өкілдігініӊ басшысы Реми Поль қол қойды.

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ және түркиялық "Otokar" көлік құралдарын, оныӊ ішінде брондалған көліктерін өндіру саласында ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр, бұл туралы меморандумғаекі компанияныӊ басшылары қол қойды.

Сонымен қатар,"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компанияныӊ құрамына кіретін кәсіпорындарқорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастыққа бағытталған 20 аса құжаттарға қол қойды.

"С.М. Киров атындағы зауыт" АҚ және үнді "Zen Technologies Limited" күш құрылымдардыӊ мамандарын дайындауға арналған түрлі симуляторлар-тренажерлердібірлесіп өндіруге келесті.Тиісті келісімге екі кәсіпорынныӊ өкілі қол қойды.

"Семей инжиниринг" АҚ және "Искери-өнеркәсіп компания" (Ресей) БТР-80 күрделі жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді жеткізу бойынша келісімшарт жасасты, жөндеуді қазақстандық зауыт жүзеге асыратын болады.

Сонымен қатар, БТР-80 күрделі жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді жеткізу бойынша қолданыстағы келісімшартқа екі қосымша келісім жасалды.

"Семей инжиниринг" жәнеүнді "Larsen & Toubro" БМП-1мен құрамдас бөлшектерді экспорттау туралы ынтымақтастық меморандумға қол қойды.

"Тыныс" АҚ-мен "Семей инжиниринг" АҚ өндіретін бұйымдардыӊ гальваникалық жұмыстарын орындау туралы келісім, өндірісті оқшаулау бағдарламасыныӊ шеӊберінде жауынгерлік машиналарды өрт сөндіру жүйелермен бірлесіп жабдықтау туралы меморандум, "Батыс-Қазақстан машинақұрастыру компаниясы" АҚ-мен- БМП-2 қару-жарақ үшін 2А42 сатып алу туралы меморандум жасалды. Польшаныӊ "Wtorplast", болгариялық"Металлика Коммерс" компаниялармен "Семей инжиниринг" негізінде экспортқа кететін брондалған танк техниканы бірлесіп жөндеу және жаӊғырту туралы меморандумдар, болгарлық "Терем холдинг"-пен-брондалған техниканы бірлесіп жаӊғырту және қосалқы бөлшектерді өзара жеткізу туралы меморандум жасалды.

"Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" ЖШС (ЕСКЕ) және Шығыс-Қазақстан облысыныӊ әкімдігіқол қойған меморандумға сәйкесжергілікті атқарушы орган Н125 екі тікұшақты сатып алу мүмкіндігін қарастыратын болады.

"ЕСКЕ" және "Казавиаспас" АҚҚазақстан ІІМ ТЖК авиацияныӊ тікұшақтар паркін 20 бірлікке арттыру (Н125, Н130 түрлері) туралы меморандумға қол қойды.

"ЕСКЕ" және "Aeroprakt.KZ"BO105 типті 8 тікұшақты сырлау туралы меморандум жасады.

"КАЕ" ЖШСжәнебелоруссиялық "Белспецвнештехника" Қазақстан Қарулы күштерініӊ брондалған техниканыдефектациялаутуралы келісім жасалды, жұмыстар 2018 жылдыӊ екінші жартысына жоспарланған.

"Тыныс" АҚ, "ЦВСИ" АҚ және ресейлік "НЦПЭ" бағдарламалық жасақтамасы бар ПҰА өндіру технологияларын жасау бойынша ынтымақтастық меморандумға қол қойды.

Иорданияныӊ "First Armour KDDB" компаниясымен кевлар дулығаларын өндіру туралы, "D&D Dynamit Nobel Defence" неміс компаниясыменөндірісті оқшаулау бағдарламасыныӊ шеӊберінде жауынгерлік машиналар және ТЖ жүйелерде қолданылатын өрт сөндіру жүйелерін өндіру туралы келісімшартқа қол қойылды.

"Петропавл ауыр машинақұрастыру зауыты" (ПАМЗ) жәнесербиялық "Yugoimport SDPR" Қазақстанда қару-жарақ пен әскери құралдарды сату, құрастыру және өндіру бағыттары бойынша, нақты айтқанда Д-20 және Д-30 гаубицаларды жаӊғырту, "Alas" танктерге қарсы зымырандарды бірлесіп шығаруды ұйымдастыру бағыттары бойынша ынтымақтастық меморандумға қол қойды.

"ПАМЗ" жәнересейлік "СпецПожТех" ПАМЗ алаӊдарында құралдарды шығару өндірісті орналастыру бойынша меморандум жасасты.

"Қазақстандық авиациялық индустриясы" ЖШС (ҚАИ) жәнетүркиялық "TAI" ҚАИ негізінде ұшу аппараттарын жинақтау мүмкіндігін қарастыратын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан Респуликасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны