01.06.2016, 20:17 8756

"KADEX" көрмесінде қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенініӊ тыӊ жетістіктері мен әлемдік өндіріс үлгілері көрсетіледі

"KADEX - 2016" халықаралық көрмесі - бұл соӊғы уақыттағы қазақстандық қорғаныс саласындағы еӊ ауқымды және сұранысқа ие іс-шара. Көрмеде қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенініӊ тыӊ жетістіктері, сондай-ақ әлемдік перспективалық әзірлемелер көрсетіледі

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - "KADEX - 2016" халықаралық көрмесі - бұл соӊғы уақыттағы қазақстандық қорғаныс саласындағы еӊ ауқымды және сұранысқа ие іс-шара. Көрмеде қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенініӊ тыӊ жетістіктері, сондай-ақ әлемдік перспективалық әзірлемелер көрсетіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"KADEX" көрмесі биыл төртінші рет өткізілгелі отыр. Жыл сайын келіссөздер өткізу үшін Астанамызда өтетін іс-шараға келетін қару-жарақ, әскери және арнайы техника өндіретін қазақстандық және шетелдік қатысушылардыӊ, іскерлік орта өкілдерініӊ саны артып келеді. Егер 2010 жылы көрмеге 156 қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысса, 2012 жылы - 253, 2014 жылы - қатысушы компаниялардыӊ саны 300-ге жетті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Осы жылы көрме бағдарламасы мазмұнды және әсерлі болады. Экспозиция 8 павильонда және ашық алаӊдарда өрістетілді. Жалпы көрме алаӊы 90 000 шаршы метрді құрайды.

Көрмеге шетел мемлекеттері қорғаныс ведомстволарыныӊ 40-тан аса ресми делегациясы, сондай-ақ статика түрінде өз өнімдерін ұсынып, техниканыӊ әрекет етудегі мүмкіндіктерін көрсететін әлемніӊ әр елінен әскери техника шығаратын 350-ден аса компания келді.

Заманауи технологиялардыӊ дамуы мен олардыӊ өмірімізге, оныӊ ішінде қорғаныс өнеркәсібіне ықпал етуін ескере отырып, биылғы жылы көрменіӊ негізгі секцияларын біз IT-технологиялар, робот техника, авиация, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы өзге де озық бағыттар аясындағы тыӊ жаӊалықтарға арнадық.

Алғаш рет қазақстандық өндірістіӊ "Арлан" броньдалған дөӊгелекті машиналары мен "Барыс" броньды транспортеры көрсетілетін болады. Бұл ұрыс машиналары Қарулы Күштерініӊ мұқтаждығы үшін отандық кәсіпорында шығарылады.

Көрменіӊ көрсетілім бағдарламасы Қазақстан Қарулы Күштерініӊ арнайы бөлімшелері және әскери бөлімдердіӊ жарақтандыруында тұрған жауынгерлік техниканыӊ қатысуымен көрсетпелі көрсетілімдерді қамтиды. Қатысушылар мен қонақтар қазақстандық ИИК-ніӊ авитатехникасын, Құрлық әскерлері әскери техникасыныӊ үлгілерін тамашалай алады.

"Қазақстан инжиниринг" компаниясыныӊ тобы көрмеде 20 кәсіпорынмен ұсынылған. Ашық алаӊдарда 47 үлгі, жабық павильондарда 95 үлгі және 27 сұлба ұсынылған.

Іс-шараныӊ ауқымдылығы броньды танкті техниканыӊ және қару-жарақтардыӊ өзге де түрлерініӊ пайдалану, жауынгерлік қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Оныӊ ішінде, шетелдік серіктестердіӊ өндірісімен бірлесе қару-жарақтыӊ әзірлемелері мен үлгілері, сондай-ақ еншілес ұйымдарымыздыӊ өнімі алғаш рет паш етіледі. Атап айтқанда:

- әртүрлі модификациядағы Ми-17 жаӊғыртылған тікұшақтары;

- Т-72А, Т-72Б жаӊғыртылған танктері;

- әртүрлі қару-жарағы бар әртүрлі модификациядағы "Арлан" броньдалған дөӊгелекті машиналары;

- оптика-электрондық приборлар мен коллиматорлық тіркемелер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны