11.12.2017, 20:43 5921

Қайрат Мәми Конституциялық Кеӊестіӊ төрағасы болып тағайындалды

Игорь Рогов зейнет жасына жетті. Заӊнамаға сәйкес ол атқарып отырған қызметінен босатылды. Сіӊірген еӊбегі мен атқарған жемісті жұмысы үшін оған алғыс айтамын. Конституциялық Кеӊестіӊ төрағасы болып Қайрат Ибдіразақұлы Мәми тағайындалды, - деді Елбасы.

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Парламент Сенатыныӊ отырысына қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Парламент Сенаты депутаттарыныӊ алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы еліміздегі құқық қорғау қызметініӊ процессуалдық негіздерін жаӊғырту үдерісіне тоқталып, бұл жүйеде кадрлық өзгерістер жасаудыӊ қажеттілігін атап өтті.

- Игорь Рогов зейнет жасына жетті. Заӊнамаға сәйкес ол атқарып отырған қызметінен босатылды. Сіӊірген еӊбегі мен атқарған жемісті жұмысы үшін оған алғыс айтамын. Конституциялық Кеӊестіӊ төрағасы болып Қайрат Ибдіразақұлы Мәми тағайындалды, - деді Елбасы.

Осыған байланысты, Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Мәмиді Жоғарғы Сот төрағасы лауазымынан босату туралы ұсыныс енгізіп, бұл қызметке Жақып Асановтыӊ кандидатурасын ұсынды.

- Бұл кездейсоқ таӊдау емес. Біз жаӊа заӊныӊ қабылдануына байланысты сот-құқық қорғау жүйесін жаӊғыртудыӊ келесі кезеӊіне қадам бастық. Сондықтан сот органдарыныӊ жаӊа басшысы оны тиімді әрі жылдам іске асыруды қамтамасыз етуі керек. Нәтижесінде Қазақстандағы сот төрелігі неғұрлым дамыған әрі әділетті болуға тиіс. Жақып Асановтыӊ кандидатурасы осы жоғары талаптарға толық сай келеді деп ойлаймын, - деді Қазақстан Президенті.

Қазақстан Президенті Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына ұсынылған кандидаттыӊ жеке қасиеттері мен кәсіби машықтарын атап өтті, сондай-ақ Қайрат Мәмиге еліміздіӊ сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор лауазымына Қайрат Қожамжаровтыӊ кандидатурасын Парламент Сенатына келісу үшін ұсынды.

- Ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ұзақ жыл жұмыс істеді. Басшылық қызметтегі және прокуратура органдарындағы тәжірибесі мол. Оныӊ Бас прокурор лауазымына ауысуына байланысты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ төрағасы болып Алик Шпекбаев тағайындалады, - деді Мемлекет басшысы.

Парламент Сенатыныӊ депутаттары ашық дауыс беру арқылы Қ.Мәмиді Жоғарғы Сот төрағасы лауазымынан босату және осы қызметке Ж.Асановты тағайындау туралы қаулы қабылдап, сондай-ақ Қ.Қожамжаровтыӊ кандидатурасын Бас прокурор лауазымына тағайындауға келісім берді.

Соӊында Қазақстан Президенті еліміздіӊ сот және құқық қорғау жүйесінде сапалы әрі уақтылы реформалар жүргізудіӊ маӊыздылығына тағы да назар аударды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны