29.04.2016, 10:07 5245

Қайрат Нүкенов Екібастұз қаласыныӊ әкімі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігі мен Екібастұз қалалық мәслихатыныӊ келісімі бойынша Қайрат Теміршотұлы Нүкенов облыс әкімініӊ өкімімен Екібастұз қаласы әкімі қызметіне тағайындалды

Екібастұз. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігі мен Екібастұз қалалық мәслихатыныӊ келісімі бойынша Қайрат Теміршотұлы Нүкенов облыс әкімініӊ өкімімен Екібастұз қаласы әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы агенттікке облыс әкімініӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Қ.Т.Нүкеновтіӊ шағын және орта бизнес кәсіпорындарында шаруашылық және басқарушылық тәжірибесі бар. Еӊбек жолын Железинский кеӊшарыныӊ №2 бөлімшесініӊ жұмысшысы болып бастаған. 1992-1997 жылдар аралығында "Марат и компания-2" толық серіктестігі директорыныӊ орынбасары, "Багдар - маркетинг" кәсіпорныныӊ директоры, 1997 - 2012 жылдары "Павлодар -Темір" ӨНФ серіктестігініӊ, "Индустрия-Плюс" серіктестігініӊ, жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ директоры, "Нүкер" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясыныӊ төрағасы, 2012-2013 жылдары Железин ауданы әкімініӊ қызметтерін атқарған. 2013-2014 жылдары Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасыныӊ басшысы.

2014 жылдан осы уақытқа дейін Ақсу қаласыныӊ әкімі болып қызмет етті.

- Екібастұз қаласы Қазақстанныӊ еӊ ірі индустриалдық және энергетикалық орталығы болып саналады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамытуға жақсы жағдай бар. Өнімдерді қайта өӊдеу кәсіпорындарын көбейту жұмыстарын күшейту керек. Исіресе малшаруашылығына, оныӊ ішінде сүт және ет өнімдерін экспортқа шығару мәселесіне көп көӊіл бөлу қажет, - деп аймақ басшысы Екібастұз қаласыныӊ жаӊа әкіміне тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны