26.12.2008, 16:21 2549

Қайрат Сарыбай Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды

Қайрат Сарыбай Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды

Астана. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлықтарымен Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі мен Австриядағы елшісі тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қайрат Шораұлы Сарыбай Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды".

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Шораұлы Сарыбай баска жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Еуропа Одағымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, президенттің жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды және ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды;

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы және Вена қаласындағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Қайрат Құдайбергенұлы Ибдірахманов Вена қаласындағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны