23.02.2009, 13:08 1598

"Қақпан" кең көлемді іс-шарасы барысында қарулы қарақшылық шабуыл арқылы қымбат автокөліктерді айдап әкетумен шұғылданған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

"Қақпан" кең көлемді іс-шарасы барысында қарулы қарақшылық шабуыл арқылы қымбат автокөліктерді айдап әкетумен шұғылданған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Астана. 23 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Қақпан" кең көлемді іс-шарасы барысында қарулы қарақшылық шабуыл арқылы қымбат автокөліктерді айдап әкетумен шұғылданған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ-нің Криминалдық полиция комитетінің хабарламаына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, операция кезінде Алматы қаласының ІІД-де Сопбеков басқарған орнықты қылмыстық топ залалсыздандырылды, олардың таңдаулы үлгідегі, қымбат 4 автокөлікті иеленіп алуға жасалған екі қарулы қарақшылық шабуылы әшкереленді: 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Таугүл" автотұрағына қарақшылық шабуыл жасап, "Тойота Лэндкрузер Прадо" автомобилін ұрлаған; 2009 жылғы 1 ақпанда "Алтын дән" атотұрағынан "Мерседес Бенц С-200", "Лексус РХ-300" и "Тойота Камри-40" маркалы 3 автокөлікті ұрлап, қарақшылық шабуыл кезінде күзетшіні өлтірген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құқық тәртібін қамтамасыз ету, азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау және автокөлік құралдарын ұрлаумен және айдап әкетумен, сондай-ақ автомашина жүргізушілеріне жасалатын қарақшылық шабуылдар мен тонаулармен байланысты жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында мүдделі қызметтерді барынша тарта отырып, 16 - 20 ақпан аралығында "Қақпан" кең көлемді операциясы өткізілді.

Операцияны өткізу барысында автокөлік құралдарын иеленумен байланысты жасалған 45 қылмыс тіркелді, оның 36-сы "ізін суытпай" ашылды.

Бұрын ұрланған 55 автомашина табылып, заңды иелеріне қайтарылды.

96 күдікті ұсталып, 9 қылмыстық топ әшкереленді, олардың бұрын жасаған 32 автокөлік құралдары қылмысы, оның ішінде бұрын беті ашылмаған 10 қылмыс әшкереленді. Көрсетілген қылмыстары үшін іздестіруде болған 22 қылмыскер ұсталды. Операция кезінде 3188 жеке автошеберхана, ТҚКС, күдік туғызған автоқызмет кәсіпорындары тексерілді, оның барысында бұрын ұрланған 15 автомашина анықталып, иелеріне қайтарылды.

Қылмыскерлерден 15 бірлік атыс қаруы (5 шолақ мылтық, 9 мылтық пен винтовка, 1 тапанша), 1 граната және 300 кг жуық есірткі құралдары алынды.

Павлодар облысында 1979 жылы туған азаматтың "Тайота" көлігінің жүксалғышынан 50 келі "марихуана" табылып, тәркіленді.

Қарағанды облысының ІІД ҰҚТ жетекшісі 1973 жылы туған азаматты ұстап, оның "Ауди-6" автомашинасының салонынан калибрі 5,6 мм үш оқпен оқталған қолдан жасалған "револьвер" тапты, табылған заттар тәркіленді.

Ақтөбе қаласында №6 МТК гараждарын тексеру барысында айдап әкетілген ВАЗ автомашинасы табылды.

Сондай-ақ Қостанай қаласында Беларусь Республикасының Витебск қаласында 2008 жылдан іздестіруде болған "Рено" автомашинасы анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны