15.06.2015, 11:46 3781

Қала бюджетініӊ кіріс бөлігі 6,1 млрд теӊгеге ұлғайды

Астана қалалық мәслихатыныӊ 53-ші кезектен тыс сессиясында 2015-2017 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау мәселесі қаралды. Сессия жұмысына Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Андрей Лукин қатысты.

Астана. 15 Маусым. Kazakhstan Today - Астана қалалық мәслихатыныӊ 53-ші кезектен тыс сессиясында 2015-2017 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау мәселесі қаралды. Сессия жұмысына Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Андрей Лукин қатысты. Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Г. Жүсіпова "2015-2017 жылдарға арналған Астана қаласыныӊ бюджетін нақтылау" мәселесі бойынша баяндама жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Баяндамашыныӊ айтуынша, қаланыӊ әлеуметік-экономикалық көрсеткіштері бюджеттіӊ кіріс бөлігініӊ орындалуына оӊ ықпал еткен. 2015 жылдыӊ қаӊтар-мамыр аралығында қала бюджетіне 72,6 млрд теӊге түскен, өткен жылдыӊ сәйкес мерзімімен салыстырғанда бұл 13,8 млрд теӊгеге артық. Осыған байланысты бюджетттіӊ кіріс бөлігін 6,1 млрд теӊгеге ұлғайту ұсынылды, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Елорданыӊ үш ауданыныӊ әкімдіктерін қосымша ассигнациялау қарастырылған. Атап айтқанда, қаржыландыру су тасқынына қарсы шараларға, абаттандыру мен көгалдандыруға және басқа да мақсаттарда пайдаланылады.

"2015-2017 жылдарға арналған Астана қаласыныӊ бюджетін нақтылау" шешімініӊ жобасын депутаттар бірауыздан мақұлдады.

Елорда әкімініӊ орынбасары А. Лукинніӊ айтуынша, қалада апта сайын бюджет кірісініӊ мониторингі жасалып, барлық шығындар бақылауға алынады. Бүгінгі таӊда бюджетті игеру 97% құрап отыр.

Мәслихаттыӊ заӊ, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасыныӊ орынбасары Т. Оразақов жер учаскелерін мемлекеттіӊ қажеттілігі үшін алуға байланысты жер учаскелерін немесе басқа да жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы 44 келісімшарт жобасын мақұлдауға ұсынды. Бұл жерлерде көппәтерлі тұрғын-үй кешені, медициналық колледж, мектеп, жылу магистралі, "Шұбар" қосымша станциясы салынатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны