23.06.2014, 22:14 3150

Қала күніне орай "Астана - арман қала" балалар мерекесі өтеді

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде қаланың ең кішкентай азаматтары үшін "Астана - арман қала" музейлік балалар мерекесі өткізіледі, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Алматы. 23 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде қаланың ең кішкентай азаматтары үшін "Астана - арман қала" музейлік балалар мерекесі өткізіледі, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Биыл елорданы туған күнімен № 4 "Аружан" бөбектер бақшасының тәрбиеленушілері құттықтайды. "Астана - арман қала" балалар мерекесі: қазақ халқының ертегілері мен аңыздары, Қазақстанның елордасы - Астана туралы, достық пен бақытты балалық шақ туралы өлеңдер мен тақпақтардың негізінде құрылған.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі ашылған күннен бастап елорданың мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен жемісті түрде әріптестік негізде жұмыс жасап келеді.

Балаларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар мен кәдесыйлар дайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны