10.07.2013, 09:46 3466

"Қалжат" кедендік бекетінде көліктік-логистикалық орталық салынады

Қазақстанда Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан "Қалжат" кедендік бекетінің жанында шекара жанындағы көліктік-логистикалық орталықтың құрылысы жоспарланған, деп хабарлады Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

Астана. 10-шілде. Kazakhstan Today - "Қалжат" кедендік бекетінде көліктік-логистикалық орталық салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан "Қалжат" кедендік бекетінің жанында шекара жанындағы көліктік-логистикалық орталықтың құрылысы жоспарланған, деп хабарлады Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан "Қалжат" кедендік бекетінің жанында шекара жанындағы көліктік-логистикалық орталықтың құрылысы жоспарланған. Көліктік-логистикалық орталық құру "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" халықаралық жаһандық көліктік-логистикалық жүйеге Қазақстанның ықпалдастығына көмектеседі",- делінген комитет мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, КЛО өңір экономикасын дамытуды, көліктік-логистикалық шығындарды азайтуды қамтамасыз етеді, көліктік-логистикалық қызметтер нарығы үшін қолайлы жағдайлар жасайды, сонымен қатар өңірде қосымша жұмыс орындарын қалыптастырады.

Көліктік-логистикалық орталық құру туралы аталған бастама шекара жанындағы көліктік-логистикалық орталық (КЛО) ұйымдастыру бойынша инвесторлармен кеңес кезінде 2013 жылдың 25 маусымында ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті төрағасы Мәжит Есенбаевтың басшылығымен айтылған болатын.

Осылайша, кеңеске қатысқан инвесторларға "Қалжат" кедендік бекетінің автомобиль өткізу пунктінен 700 метр қашықтықта орналасқан "АsiaBrokerGroup" ЖШС уақытша сақтау қоймасының базасында жүктерді кедендік өңдеумен КЛО ұйымдастыру ұсынылған.

Сарапшылар айтып өткендей, республиканың шекаралық өткелдерінде көліктік-логистикалық инфрақұрылым құрылысы тауар алмасу көлемдерін арттырып, көліктік-транзиттік әлеуетті пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, Қазақстанның өсіп келе жатқан сыртқы сауда айналымы, жүк тасымалдаудың экспорттық-импорттық өсуі жағдайында тауар және көліктік ағындарды өңдеу, оның ішінде жүктерді кедендік өңдеу бойынша логистикалық қызметтердің барлық спектрін ұсынуға қабілетті арнайы терминалдық кешендерге жоғары сұраныс пайда болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны