18.07.2014, 19:24 3484

Кәмелет жасына толмай сотталушылардың саны 27, 2%-ға азайды

"Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар барлығы 12 097 істі аяқтады, соның ішінде 3 435 азаматтық, 1 403 қылмыстық және 7 259 әкімшілік істі аяқтады", - делінген хабарламада.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Сотталған кәмелетке толмағандардың саны 27, 2%-ға азайды, - деп ҚР Жоғарғы сотынан хабарлады.

"Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар барлығы 12 097 істі аяқтады, соның ішінде 3 435 азаматтық, 1 403 қылмыстық және 7 259 әкімшілік істі аяқтады", - делінген хабарламада.

Сонымен, 2013 жылғы 1-жартыжылдықта - 11 819 іс, соның ішінде 3 551 азаматтық, 1 420 қылмыстық, 6 848 әкімшілік іс қаралды.

"Жалпы, сотталған кәмелетке толмағандардың саны 27, 2%-ға азайды (562-ден 409-ға дейін). Осы ретте бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандардың үлесі де 6, 6%-ға азайды (20,3%-тен 13,7%-ке дейін)", - деп Жоғарғы соттан хабарлады.

Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің (БААТЖ) деректері бойынша 2014 жылғы 1-жартыжылдықта республиканың аудандық және оған теңестірілген соттарына барлығы 577 982 арыз бен іс, соның ішінде 349 930 азаматтық, 205 689 әкімшілік және 22 363 қылмыстық іс келіп түсті. Бұл 2013 жылғы 1-жартыжылдықпен салыстырғанда 50 208 іске немесе 9,5%-ға артық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны