22.04.2009, 17:01 2926

Кәмелетке толмағандар мен жастардың есірткі тұтынуына қатысты жүргізген жаппай тестілеудің тиімділігі өте төмен болуда - ІІМ

Кәмелетке толмағандар мен жастардың есірткі тұтынуына қатысты жүргізген жаппай тестілеудің тиімділігі өте төмен болуда - ІІМ

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, денсаулық сақтау органдарының кәмелетке толмағандар мен жастардың ағзасында есірткінің болуына қатысты жүргізген жаппай тестілеудің тиімділігі өте төмен болуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, "2006 жылы Алматы қаласында 5300 адамды тестілеу кезінде тестіленгендердің жалпы санынан 0,5 пайызы оң нәтижемен анықталған".

"Сонымен қатар, міндетті тестілеуді енгізудің халықаралық нормаларға, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына сәйкестігінде күмән бар",- делінген ІІМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы премьер-министрінің тапсырмасына сәйкес Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын пысықтау жөнінде жұмыс тобы құрылды.

Осы топ жұмысының шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі міндетті тестілеуді енгізудің мақсатқа сай екендігі туралы мәселені түбегейлі пысықтауда.

Осыған байланысты, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мұқият талдау жасағаннан кейін оқушылардың ағзасында есірткінің болу мәніне оларды міндетті тестілеуден өткізу туралы мәселені көтеріп отырған жоқ",- деп хабарлайды ІІМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны