18.05.2009, 16:30 2765

Кәмелеттік жасқа жетпеген жүргізушінің қатысуымен болған жол апаты оқиғасын тексеру барысын ішкі істер министрі өз бақылауына алды

Кәмелеттік жасқа жетпеген жүргізушінің қатысуымен болған жол апаты оқиғасын тексеру барысын ішкі істер министрі өз бақылауына алды

Астана. 18 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Кәмелеттік жасқа жетпеген жүргізуші Сағынтай Манаевтың қатысуымен 39 жастағы жаяу жүргіншінің өліміне алып келген жол апаты оқиғасын тексеру барысын ішкі істер министрі өз бақылауына алды. Бұл туралы ҚР ІІМ тергеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рахметжан Досанов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жол апаты оқиғасы болды. Ол бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-шы бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. Оқыс оқиға куәгерлері анықталып, сұралды. Қылмыстық істі екі жақтың мәмілеге келуіне байланысты тоқтау туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Істі министрдің өзі бақылауға алды, ол бойынша объективтілік қамтамасыз етілген", - деді ІІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны